Аналар алғысын алды

Әлеумет
24.04.2020, 11:18
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Адамдар сырт дүниеден оқшауланып, үйде қалған сәт бәріне бірдей жайлы болмай тұрғаны рас. Әсіресе, шиеттей балашағасы бар отбасыларға қиындау тиіп жатыр. Олардың ішінде нәпақасын тауып жүрген жұмыстары тоқтап қалып, қаржылай және азық-түліктен тарығып қалғандары да бар.

Әрине, Үкімет ондай жандарға көмек жасап жатыр. Бірақ 42 500 теңге біріне тисе, біріне тимей жатыр. Осындай жағдайда еріктілер көмегі шарапатты шара болып тұр. Сын сағатта теміржолшылардан құралған еріктілер де жағдайы төмен отбасыларға көмекке келуде. Жуырда Махамбет станциясының ұжымы Атырау қаласындағы аз қамтылған көп балалы отбасыларға қолдарынан келген көмегін жасады. «Біз асыраушысынан айырылған, жанұяда кәмелетке толмаған бес баладан жоғары баласы бар аналарға қазіргі қиын сәтте жәрдемдесуді ұйғарып, оларға азық-түлік жеткізіп бердік» дейді станция бастығы Жүсіп Қалиханов.

Атырау қаласының Балықшы, Жұмыскер, Еркінқала, Контейнерный, Авангард мөлтек аудандарында тұратын бірқатар отбасына станциялықтар ұн, шекер, күнбағыс майы, жұмыртқа, вермишель, картоп, т.б. азық-түлік апарып беріп, жүдеп отырған отбасыларын бір демеп тастады. Ұжымнан жиналған қаражат бірталай отбасыға жеткен. Әрқайсына шамамен 30 мың теңгенің азық-түлігі сатып алынды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп осындайда айтса керек. Аналар теміржолшылардың тірлігіне шын көңілден алғыс айтты.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді