Қарт майдангерге қамқорлық мол

Әлеумет
13.05.2020, 10:58
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда бөлімшесі бойынша Жеңістің 75-ші көктеміне жеткен үш майдангердің бірі Талжан Жанасов Сексеуіл станциясында тұрады.

Ол Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясында жұмыс жасайтын баласы Мұқаштың отбасындағы немере-шөберелерінің сүйікті атасы.

Қарт майдангерді мамыр айында құттықтаушылар қарасы мол болғанымен, бүгінгі топты ардагердің өзі ерекше сезіммен күтеді.

Себебі бұл топ ардагердің өз ұжымы. Сексеуіл станциясының бастығы Сапарғали Салмаев, орынбасары Махамбет Кенжеқараев, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы басшының орынбасары Еркебұлан Аяғанов, цехком Рысқұл Қуатов, машинист-нұсқаушы Нұрлан Жұмқановтар бұл жолы да топ болып келіп, ардагерді құттықтады.

Соғыс ардагері Сексеуіл пайдалану локомотив депосының есебінде тіркелген. Теміржолшылар қарияға «ҚТЖ» ЖТ» АҚ басшылығының атынан Қ.Сәуірбаевтың арнайы құттықтау хатын жеткізді және «Жеңістің 75 жылдығы» төсбелгісін табыс етті.

– Соғыста Чехословакия мен Праганы неміс басқыншыларынан азат еткен ардагеріміз бейбіт заманда Сексеуіл депосында машинист көмекшісі, машинист болып, теміржолдың өркендеуіне үлес қосты, қаншама жасты осы мамандыққа баулыды. Оның отбасында дүниеге келген жеті баладан тараған ұрпақтарынан бірнешеуі қазіргі таңда аймақ теміржолында жемісті еңбек етуде. Біз майдангер ардагерімізді ҚТЖ компаниясы мен Қызылорда ЖТ бөлімшесі басшылығының атынан құттықтап, батасын алдық. Қарт майдангердің кеудесіне мерекелік төсбелгісін тағып, компания басшысының арнайы құттықтау хатын тапсырдық. Арнайы азық-түлік себеті мен қаржылай көмек ұсындық. Майдангер қарияның ұсыныс-тілектерін ешқашан ескерусіз қалдырмай, мүмкін болған барлық көмегімізді жасап келеміз,-деді Сексеуіл локомотив пайдалану депосы басшының орынбасары Еркебұлан Аяғанов. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті