Мүсілім Матжанов. Торқалы тоқсан жаста

Әлеумет
27.05.2020, 10:34
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған аймақтың майталман теміржолшысы Мүсілім Матжанов мамыр айында торқалы тоқсан жасқа толды. 

Мерейтой иесін дистанция басшылығы атынан бір топ жас әріптестері құттықтай келіп, қарт теміржолшының ұзақ жылғы адал еңбегіне алғыстарын жеткізді. Дистанция бастығының орынбасары Абдулла Досымов, инженер Зәріп Досығұлов, кадр бөлімінің қызметкері Айнұр Сүгірәлиева мен ұжымның кәсіподақ ұйымы төрайымы Ғалия Ноғайбаевалар торқалы тоқсанын қарсы алып отырған ақсақалға арнайы құттықтау адресатын тапсырып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Мүсілім ақсақал дистанциядағы еңбек жолында жолшыдан бастап жол бригадирі, жол шебері секілді жауапты жұмыстар атқарыпты. Өзінің бай тәжірибесін кейінгі буын жастарға үйретіп, еңбек еткен жарты ғасырға жуық ғұмырында ондаған шәкірт тәрбиелепті.

Мүсілім Матжановтың ұрпақтары да теміржолшылар, қазіргі таңда еліміздің шойынжол саласында ата жолын жалғастырып, жемісті еңбек етуде.

- Дистанция есебінде тұрған зейнеткерлерімізді мерей жасымен құттықтап, лайықты құрмет көрсету ұжымда бұрыннан келе жатқан, қалыптасқан дәстүріміз. Осы жолмен бүгін Мүсілім ақсақалды 90 жасқа толған торқалы тойымен құттықтадық. Ақсақал риза болып, батасын беріп қуанып қалды. Ұжым атынан мерейтой иесіне арнайы адресат әзірленіп, азық-түлік себетін бердік, дистанция басшысының орынбасары Абдулла Досымов ақсақалдың иығына шапан жапса, кадр бөлімінің маманы Айнұр Сүгірәлиева мерейтой иесінің жұбайына да қамзол кигізіп, жаулық тақты, – деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Мерейтой иесінің батасын алған құттықтаушы топ тоқсан жасаған ақсақалды ортаға алып, естелік суретке түсті.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті