Балалар тілегін орындады

Әлеумет
04.06.2020, 15:48
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Атырау облыстық «Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көңілді шара болып өтті.

Оған зағиптар қоғамына қарасты мүгедек балалар мен ата-аналары және демеушілер қатысып, шара барысында балалардың өз күшімен дайындалған концерт қойылып, әндер шырқалды.

Сонымен қатар облыстағы әртүрлі мекемелерден келген демеушілер балаларға өз қалаулары бойынша сан түрлі сыйлықтар сыйлады. Солардың ішінде Атырау жүк тасымалы бөлімшесі де бар.

«Бізге балалардан келген хаттар бойынша сұраныстары ескеріліп, бірнеше балаға өздері қалаған сыйлықтарын алдық. Біреулері құрастырмалы ойыншық қаласа, енді бірі ас үй комбайнын, тағы біреулері телефон-планшет т.б. сұраған. Балалардың тілегін орындадық» дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Еркебұлан Бержанов.

Облыстың әр түкпірінен келген балалар мен ата-аналары демеуші аға-апалары берген сыйлықтарын алып мәз болысты. Соңынан «Ақылды тышқан» атты қойылымды тамашалады. 


Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді