Сый-құрметпен шығарып салды

Әлеумет
30.10.2020, 09:50
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде бір топ маман зейнеткерлікке шықты. Олардың ішінде біреуі зейнет жасына жетсе, қалғандары – мерзімінен бұрын шығып жатқандар. Иә, ондай да болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Ерте зейнеткерлікке шығу ережесі» бойынша мерзімінен бұрын шығуға рұқсат беретін адамдар санаты бар. 

Бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Жалғасбаеваның айтуынша, Ереже талабы бойынша демалысқа лауазымы қысқарған және зейнеткерлікке бес жыл қалған мамандар шыға алады. Оларға еңбек өтіліне қарай, 40 жылдан аса уақыт жұмыс жасаса, жалақының төрт еселенген мөлшерінде бір реттік сыйақы беріледі және зейнетке шыққанға дейінгі ай сайынғы төлем жүргізіледі. Яғни 70 мыңнан кем емес және 200 мыңнан жоғары емес мөлшерде жәрдемақы төленеді. 

Сәйкесінше, еңбек өтілі көп болған сайын жәрдемақы көлемі де мол болатыны түсінікті. 

Ал біздің кейіпкерлеріміздің бәрі де теміржолда қырық жылдан аса уақыт аянбай еңбек еткен нағыз майталмандар. Сонау 70-ші жылдардың соңында ашылған Гурьев темір жол техникуымының алғашқы түлектері. Өңірде теміржолшы мамандығын таңдап, саланы бірінші боп тізгіндеген жергілікті білімді мамандар. Пойыздық топ диспетчері Еркін Балтаев 42 жыл еңбек өтілімен құрметті демалысқа шықса, көп жылдар диспетчер болып еңбек еткен Жаншаев Табылды, Сағынбаев Нұрлан, Қағазғалиев Самат, Тлеуғалиев Мәди сынды майталмандар мерзімінен бұрын, 61-62 жастарында шығып жатыр.

Соңғыларының ерте шығуына өңірдегі диспетчерлер жұмысы тоқтап, штат қысқаруы себеп болды. Өйткені Ақтөбеде «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» жобасы жүзеге асырылып, барлық диспетчерлер сонда біріктірілген болатын. Онда барып жұмыс жасауға денсаулығы не тұрмыс жағдайы мүмкіндік бермеген мамандар Компания тарапынан қарастырылған зейнеткерлікке ерте шығу Ережесінің жеңілдігін пайдалану құқығына ие болды. 

– Темір жолда қырық жылдың үстінде еңбек еттім. Соңында бөлімшенің шұғыл басқару бөлімінде пойыз диспетчері болдым. Биыл бөлім толығымен қысқарып, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі құрамына енді. Денсаулығыма, отбасы жағдайыма байланысты өз тарапымнан Ақтөбеге бара алмадым. 

Сондықтан зейнетке ерте шығу Ережесіне сәйкес құжаттар жинадым. Бұл Ереже бізге үлкен көмек болды. Жұмыстан мүлдем қысқарып қалмай, зейнеткер санатына қосылдық, ай сайынғы жәрдемақы да тағайындалды, – дейді Самат Қағазғалиев. Зейнетке ерте шыққандар да ұжымдық шарт бойынша зейнеткерлерге көрсетілетін барлық жеңілдіктерге ие болады. Бірақ оларға басқа бір жерде темір жол саласында жұмыс жасауға рұқсат етілмейді. 

Атырау магистральдық желі бөлімшесі зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салып, бөлімше басшысы Елеубай Сапаров олардың әрқайсысына Құрмет грамотасына қоса естелік сыйлықтар табыс етті. 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?