Қызылорда ЖТ бөлімшесінің 80,1 пайызы індетке қарсы екпе салдырды

Әлеумет
13.08.2021, 14:15
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолдағы қалыпты жұмыс ырғағы бұзылмауы үшін коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру керек екенін түсінген аймақ теміржолшылары екпе алуды жалғастыруда. Қызылорда ЖТ бөлімшесі кадр бөлімінің маманы Гүлнәр Сахиева бүгінгі таңда бөлімше теміржолшыларының 80,1 пайызы коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғанын мәлімдеді. Бөлімшеге қарасты Қазалы вагон пайдалану депосы теміржолшыларының 94,4 пайызы екпе салдырып үлгерген. Одан кейінгі орында ұжымның 86 пайызы екпе алған Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинистері де белсенділік танытуда. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің бастығы Айда Нұрмашқызы жалпы ұжымның 90,9 пайызының вакцина алғанын жеткізді. Соның ішінде Қазалы жол дистанциясында ұжымның 97,5 пайызы екпе алған. Демек, қызылордалық теміржолшыларда ұжымдық иммунитет қалыптасты деген сөз. Әйтсе де, әлемдік деңгейдегі инфекциялық індетке қарсы күрес екпе алумен шектелмей, сақтық шаралары күшейтілуде, жұмыс кезінде карантиндік талаптар қатаң сақталып, барлық шаралардың мүмкіндігінше қашықтан атқарылуына мән берілуде.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті