Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі зейнетке шыққан екі маманға сый-сияпат көрсетті

Әлеумет
13.09.2021, 09:58
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі басшылығы мен кәсіподақ ұйымы саналы ғұмырын теміржолдың өсіп-өркендеуіне арнаған қос бірдей теміржолшыны зейнеткерлікке шығарып салды. Теміржолшыны зейнетке құрметтеп шығарып салу арқылы оның талай жылғы еңбегіне алғыс айту, тұлғасына құрмет көрсету қызылордалықтар арасында қалыптасқан дәстүр деуге болады. Рас, кейде теміржолшының еңбегі ұзақ жылдар ескерусіз, елеусіз қалып қоюы, тосын жағдайлар әсерінен уақыттың мұрша бермеуі мүмкін, алайда зейнетке шығар алдындағы құрмет ештеңені де ескерусіз қалдырмайды. Бұл теміржолшының еңбегіне есеп, абырой-беделінің өлшемі десек жарасады. Саланың сан түрлі сатысынан өтіп, бірнеше теміржолшы-шәкірт тәрбиелеп өсірген ұлағатты ұстаздар Ібраким Бабақ пен Григорий Тетченко да сондай бағалауға лайық теміржолшылар. Григорий Тетченко қырық жылдан астам электромонтер болса, Ібраким Бабақ жол шаруашылығында еңбек жолын бастап, аймақтың солтүстігіндегі Қазалы жол дистанциясының өркендеуіне үлес қосқан азамат. Бірнеше жыл дистанцияның басшысы болды. Қос ардагер өздеріне көрсетілген құрметке алғыс айтып, сала жұмысының алға басуына тілектес екендерін білдірді.

– Зейнеткерлерге ұлттық нақыштағы шапан жауып, адресат әзірлеп, бағалы естелік сыйлықтар беріп, қимай шығарып салдық. Олар саладағы талай қиын-қыстау кезеңдерде кәсіпке деген адалдықтарын сақтап, маңдай терін төгіп жұмыс жасаған теміржолшылар санатында, сондықтан олардың еңбегіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ, алдағы күндерде тек бейнеттің зейнетін көрсін, – дейді НЖС бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ерманова.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті