Алматыға жету үшін жанкештілікке барған адам жауапкершілікке тартылды

Әлеумет
27.09.2021, 09:39
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалында тепловоз төбесіне мініп, вагонға секірген тұрғын жауапқа тартылды. Стратегиялық аймақтың тәртібін бұзып, теміржолға және өз өміріне қауіп төндірген тұрғынға қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Rail-news.kz. «Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу», «Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу», «Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу» баптарымен жауапкершілікке тартылған тұрғыннан жауап алу кезінде ол пойыздан «Алматы» деген жазуды көріп, мініп кетуді ойлағанын айтқан. Оқиға 21 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Ер адам маневрлік тепловоздың үстіне мініп, вогонның үстіне секірген. Перронда болған бұзақылық желілік полиция қызметінің жедел әрекетімен дереу тоқтатылды.

– «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушы пойызы Ақтөбе вокзалына келіп, халық түсіп болғаннан кейін маневрлік тепловоздар бос вагондарды паркке алып кетеді. Сол кезде белгісіз ер адам маневрлік тепловозға мініп, одан вагонға секірген. Теміржолшылардың ескертуін тыңдамаған. Перронда жүр- ген полиция қызметкерлері оны жерге түсіріп, бөлімшеге жеткізді. Ер адамның ішімдік ішкені анықталды», – дейді Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімінің өкілі Жакен Артықов.

Белгілі болғандай, 25-30 жас шамасын- дағы жігіт жұмыссыз. Өзінің айтуынша, Ақтөбе қаласында бес жылдан бері тұрады. Туған жері – Алматы облысы. Ол бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылған екен.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады