Семейлік теміржолшы «Tengri Ultra-2024» фестифалінде өнер көрсетті

Спорт
31.05.2024, 10:47
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділовтің есімі бүгінде күллі республикаға танымал. Жуырда ол Тамғалы тас шатқалындағы экстремалды атлетикадан өткен «Tengri Ultra-2024» спорттық фестиваліне қатысып, ұлттық компанияның намысын абыроймен қорғап қайтты.

Бұл жолғы жарыс оған оңайға соқпапты. Тұмса табиғат аясында бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеге тек ердің ері ғана шыдаса керек. Таңалагеуімнен басталған велосипедшілер сайысына қатысқан Нұрлан тастақты, бұта мен қараған басқан шөлейтті, кейде құмнан тұратын соқтықпалысоқпақсыз алқапты бағындыруға тиіс еді. Өр мен еңіс әбден діңкелететін жарыста күші сарқылып, жолдан шығып қалғандар да көп болыпты. Әйтсе де, теміржолшы жігіт қос дөңгелекпен 50 шақырым жерді жүріп өтіпті.  

– Жол бойында тосын жайттар көп болды. 12 шақырымды артқа тастағанда велосипед дөңгелегіне шөңге кіріп, жарылды. Уақыт өткізіп алдым. Ыстық күннің астында оны ауыстырып қайтадан жолға шыққаным сол еді, 7-8 адам белгіленген жолдан үш шақырымға ауытқып кетіппіз. Қайтадан іздеп тапқанша тағы да уақыт босқа кетті, – деп өкінішін білдірген жігіт мәреге 15-ші болып жеткен. Жүздеген адам қатысқан жарыста мұның өзі жақсы көрсеткіш.  

Әйтсе де, нағыз сын алда еді. Ертеңгісін 25 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден аламан жарыс басталды.  

– Бұл марафон да оңайға түскен жоқ. Жолсызбен жүгіру тіптен қиын екен. Биік шоқыларға еңбектеп шықтық десек те болады. Жылға-бұлақтардан қарғып өтіп, тікенекті бұталарға аяғыңды жырғызып жүгіру деген азаптың азабы. Сая болар көлеңке жоқ. Бірақ намыс жібермей барымызды салдық. Бұл жолы да қырсық шалды. Мәреге небары 8 шақырым қалғанда қол-аяғым тартылып, жүгіру жайына қалып, тез-тез адымдауға көштім. Тәуекелді талап ететін экстремалды атлетикада осындай тосын жайттар көп болады. Тұз капсулалары, энергетикалық гель де көмектеспеді. Әйтсе де, мәреге 300 метр қалған шақта қайратымды жиып алып, ҚТЖ жалауын желбіретіп жүгіріп өттім, – дейді ол.  

Бұл жолы желаяқ теміржолшы санаулы жүлделі орынға ілінбесе де алғашқылар легінен табылыпты. Жеңіл атлетиканы серік ететін теміржолшы жігіт Tengri Ultra сайысына келесі жылы да қатысуға ниетті. Тек оған даярлықты жыл бойы жүргізуге өзіне уәде беріпті.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті