Теміржолшылар арасында спартакиада өтті

Спорт
21.11.2024, 10:27
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшылары арасында спорттың 5 түрінен спартакиада өтті. Олар волейбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, шағын футболдан өзара сайысқа түсті.  

Жарысқа компанияның Орталық аппараты, еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Спортқа қашан да жақын жүретін теміржолшылар қауымы бұл жолы да белсенділік танытты. Барлығы 19 команда жиналып, спартакиада дүбірлі спорт мерекесіне ұласты.  Бірнеше күнге созылған жарыс елордадағы әртүрлі спорт кешендерінде өтті. Командалар жеребе бойынша шағын топтарға бөлініп, өзара бәсеке көрігін қыздырды. Жарыс қорытындысында жалпы командалық есепте бірінші орынды иемденген «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалының командасы жеңімпаз атанды.  Екінші орын ВЖДО командасы – теміржол күзетшілеріне берілсе, үшінші орынға Магистральдық желі дирекциясының ойыншылары лайық деп танылды.  

Сонымен қатар волейболдан да 1 орынды тағы да сол «Солтүстік» өңірлік филиалының жолсеріктері иеленсе, шахмат пен үстел теннисінен және баскетболдан Магистральдық желі дирекциясының бағы жанды. Ал шағын футболдан Астана станциясы озып шықты. Барлық жүлделі командалар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Командаларға спортқа деген жоғары белсенділігі мен шеберлігі үшін компанияның Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова алғыс білдіріп, қызметте де, спортта да табыс  пен сәттілік тіледі.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды