Әлемді мойындатқан Әлихан

Спорт
10.01.2025, 09:00
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің Болашақ станциясына қарасты Құрмаш бекетінің кезекшісі Әлихан Аббас Африка құрлығында еліміздің Әнұранын шырқатып, Туын көкке көтерді.  

Өткен жылдың жазында АРАШИ ММА бойынша Азия чемпионы болған теміржолшы жігіт желтоқсанның соңғы күндері Египеттің Каир қаласында өткен әлемдік додаға қатысып, жиырмаға жуық елден келген спортшылар арасынан «ARASHI MMA world championship 2024» жеңімпазы атанды. Әлиханның тобы командалық есепте 1-орынға шығып, Қазақстан қоржынына 17 алтын салды.  

– Чемпионатқа алты жүзден астам адам қатысты. Қазақстаннан Маңғыстаудан – 3, Орал қаласынан – 5, Шымкенттен 9 адам барғанбыз. Намысты қолдан бермей тобымызбен бірінші орынды алдық. Өзім үш рет рингке шықтым, үшеуінде де қарсыласым осал емес, Тайланд, Морокко, Египеттік «тісқаққан» жігіттер екен. Десе де, оларды уақытынан бұрын жеңдім. Өзіме артылған сенімді ақтап, еліміздің және компаниямыздың туын Мысыр елінде желбіреткеніме қуаныштымын. Маған сеніп, қолдау көрсеткен ҚТЖ басшылығына және жергілікті кәсіподақ ұйымына, әріптестеріме алғысым шексіз, – дейді әлемді мойындатқан Әлихан.  

Спортшы жігіттің жаңа жылға да жоспары көп екен. Ақпан айында өзінің шәкірттерін Ресейдің Саратов қаласына жарысқа апарады, ал сәуірде Аргентинада өтетін жарысқа қатыспақ. Жаз айларында Әбу-Даби мен Ресейдегі жарыстарға жол тартпақ.  

Жеңіспен оралған Әлиханды түбек теміржолшылары, жергілікті кәсіподақ өкілдері зор қуанышпен қарсы алып, елдің атын шығарған алтын ұлмен мақтанатындарын жеткізді.      

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды