Маңғыстауда теміржолшылар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

Спорт
16.05.2025, 09:34
Оқуға 1 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудағы теміржолшылар арасында ұлттық спорт түрлерінен асық ату, бес асық және тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды.

Ұлттық ойындарға ерлермен қатар әйелдер де белсенділікпен қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша асық атуда алдына жан салмаған Маңғыстау станциясынан Ерсайын Өмірғалиев 1-орынды, вагон пайдалану депосынан Тұрар Ниязов 2-орынды, Бейбіт Өмірғалиев 3-орынды жеңіп алды.  

Бес асықты қолы қолына тимей, шеберлерше шыр айналдырған Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінен Жарасхан Түлкібаева 1-орынды алды. 2-орын станция қызметкері Тоғжан Ізмағанбетке, 3-орын Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының намысын қорғаған Жанар Ибрашеваға бұйырды. Ерлер арасындағы тоғызқұмалақтан 1-орынның жүлдесін деполық Жайлау Жалғасбаев иемденді. 2-орын ВЧД-33 мекемесінен Нұржігіт Мәліковтің еншісіне тиді.  

Тоғызқұмалаққа әуестенген қыз-келіншектердің де ойыны қызықты өтті. 1-орынды Маңғыстау станциясындағы белді спортсүйер нәзікжандардан саналатын, қай бәсекеге барса да қоржыны бос қайтпайтын Айгүл Аяпова жеңсе, екінші орынды Қамарай Калиманова алды.  

Жеңімпаздар және жақсы ойын көрсеткендер арнайы марапатталды. Саламат Икеновқа «Үздік ойыншы», Құттықожа Усеновқа «Үздік байланыстырушы», Самат Тілекбайға «Үздік шабуылшы», Жанарбек Аймановқа «Үздік қорғаушы» номинациялары табысталды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды