Теміржолшылар зияткерлік пен дәлдікте бақ сынады

Спорт
30.05.2025, 08:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы теміржолшылар арасында тоғызқұмалақтан турнир, дартс атудан жарыс өткізді.

Тарихы төрт мың жылдан тамыр тартқан ұлттық ойынды насихаттаған теміржолшылар техниканың тілін білетін маман ғана емес, зияткер ой иесі екендіктерін көрсетті. Теміржолшылар кәсіподағының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған турнир тартысты өтті. Бәсі жоғары бәсекеде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Тараз көліктегі оқу орталығының» курсанты Бауыржан Ақтан жеңімпаз атанды. Финалдық ойында қарсыласына отауын ұтқызып алған оқу орталығының хатшысы Диана Рахым 2-орынды иеленді. Ал өрт сөндіруші Мейіржан Аярбеков үздік үштік ойыншыларының қатарын түйіндеді.  

Ал дартс атудан екі бірдей жүлдені олжалаған ШЧ-36 Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы командасының жолы болды. Атап айтсақ, инженер Ақбота Ембергенова үздік мерген деп танылса, электромеханик Айша Байболова 3-орыннан көрінді. Жүлделі 2-орынды «Тараз көліктегі оқу орталығының» технигі Лариса Михалева еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәсіподақ ұйымы атынан грамота, кубок, медальдармен бірге бағалы сыйлықтар тапсырылды.  

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты