Абай тойында теміржолшылар топ жарды

Спорт
14.08.2025, 10:02
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей өңірінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аяқталды. Оның құрметіне орай ұйымдастырылған спорттық іс-шаралар бойынша жергілікті теміржолшылар да жеңімпаз атанды.

Атап айтсақ, мерейтой қорытындысы ретінде "Аbai joly ultra trail" жарысы өткізілген болатын. Осынау байрақты бәсекеге жоғары деңгейдегі даярлықпен бөлімшенің вагондар қозғалысы жылдамдығын өлшеуші Еркебұлан Ахмадиев және НЖС-6 техникалық бөлімінің бастығы, ұлттық компания желаяғы Нұрлан Бегадилов бастаған әуесқой жеңіл атлеттер қатысып бақ сынады.

Жарыс Абай мұрасын ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа әр облыстан келген 100-ден астам кәсіби және әуесқой спортшылар қатысты.

Жарыс тәртібі бойынша қатысушылар белгіленген үш шақырым аумақты санаулы минуттар ішінде жүгіріп өтулері тиіс болатын.

Осынау жарысқа теміржолшы спортшыларға қолдау көрсетіп, жанкүйер ретінде "Қазкөліккәсіп" ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов бастаған сала қызметкерлері арнайы келді.

Кіл жүйріктер арасында суырылып алға шығу жігіттерге оңайға түспеді. Деседе намысқа тырысқан қос теміржолшы мәреге алғашқы болып жетті. Осылайша Еркебұлан 35 жасқа дейінгілер арасында жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, Нұрлан Мысырұлы 50 жастан жоғарыдағылар арасында жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынды қанжығаға байлады.

Жарыс жеңімпаздары сайысты ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы