Алаңда ардагерлер бақ сынады

Спорт
25.12.2025, 17:31
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тәуелсіздік күні құрметіне және келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында ҚТЖ-да теміржол саласы ардагерлерінің арасында спорт фестивалі өтті. Спорттың 4 түрінен, яғни үстел теннисі, дартс, шахмат және дойбы ойнаудан өткен жарыстарға 50-ге жуық зейнеткер теміржолшы қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаменті ұйымдастырған фестиваль мерекелік көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға арналып дастархан жайылды. Ең «жасы» 63-тен, ең үлкені 80-нен асқан сала ардагерлері жарыста барынша белсенділік танытты. Фестивальді ашқан департамент директоры Ақмарал Байғабылова барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, ойын барысында сәттілік тіледі.  

Фестиваль қорытындысында дартс бойынша әйелдер арасында 3-орынды Светлана Сайлаубаева, 2-орынды Гүлнар Сағанаева, 1-орынды Күләйша Қасенова иеленді. Дойбы бойынша 3-орын мен 2-орынды Сахип Абдрахманова мен Шахизада Даукенова өзара бөліссе, 1-орынды Дина Серікбаева еншіледі. Осы жарыстан ерлер арасында Василий Иванов, Қалидулла Закиров, Василий Меньшиков 1, 2, 3-орындарды алды. Сонымен қатар үстел теннисінен әйелдер арасында 3-орынды Людмила Красноштанова, 2-орынды Гүлнар Сағанаева, 1-орынды тағы да Күләйша Қасенова иеленді.

Бұл жарыста ерлер арасында Амангелді Шағыров, Александр Веселый, Рахат Узденов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Дойбыдан ерлер арасында Қуаныш Котырев, Василий Иванов, Владимир Ульяненко жүлделі орындармен марапатталды. Осы ойында әйелдер арасында Дина Серкібаева, Шахизада Даукенова, Сахип Абдрахманова жүлдегер болды. Шахматтан 4-орын Әбу Алмазбекке, 3-орын Болатбек Дүйсемәлиевке, 2-орын Бекболат Махметовке, 1-орын Игорь Покладқа берілді.  

Дартс бойынша әйелдер арасында 3-орын алған зейнеткер теміржолшы Светлана Сайлаубаева 23 жыл Магистральдық желі дирекциясы Адами ресурстарды басқару департаментінде менеджер болып істеген. Үш жыл бұрын зейнетке шыққан ол ҚТЖ тарапынан өткізілетін осындай іс-шараларға тұрақты қатысып жүргенін атап өтті. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль соңында әрбір ардагерге азық-түлік салынған себеттер тарту етілді.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады