Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты

Әлемде
28.04.2026, 13:21
Оқуға 1 мин
Сурет: ашық дереккөзден
Қазақстан теміржолшысы

Индонезия астанасы Джакартаның маңындағы пойыз соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, тағы 84 адам жарақат алды. Сейсенбі күні теміржол компаниясы хабарлағандай, құтқарушылар үйінділер арасында қалып қойған адамдарды шығару жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қала маңына қатынайтын пойыз бен алысқа баратын пойыздың соқтығысуы дүйсенбі күні кешке Джакартаға жақын маңдағы Бекаси қаласында болған.

Индонезияның «PT KAI» мемлекеттік теміржол компаниясының бас директоры Бобби Расидин мерт болғандар санының 14-ке дейін өскенін растады.

Индонезияның іздестіру-құтқару агенттігінің басшысы Мохаммад Шафии сейсенбі күні эвакуациялау жұмыстарының аяқталғанын хабарлап, майысқан вагондардан жолаушыларды құтқару өте күрделі процесс болғанын атап өтті.

«Денелерді шығару операциясын жүйелі жүргізу үшін бізге арнайы дағдылары бар мамандар қажет болды», — деді ол. Сондай-ақ, Шафии вагондарда жолаушылар қалмағанын, бірақ құтқарушылар үйінділерді тазалау барысында қандай да бір белгілер табылса, тиісті шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Негізгі соққы тек әйелдерге арналған вагонға тиген. Шафиидің айтуынша, құрбандардың барлығы әйелдер және олардың көпшілігі темір үйінділердің астында қысылып қалған.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды