«Шаттл» пойызы: тәжірибеден – тиімділікке дейін
Новости
27.01.2017, 10:49
Өткен жылы Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің Жаңасемей станциясынан алғаш рет «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның тыңнан қолға алынған эксклюзивті көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесіне орай «шаттл» пойызы жасақталып, жолға шыққан болатын. «Нұрлы жол» технологиясы негізінде жүзеге асқан аталмыш жоба Шығыс өңірі үшін де тиімділігін дәлелдеп, оң нәтижеге қол жеткізді.
Алғашқыда қанатқақты жоба ретінде жүзеге асырылған шараның өзіндік ерекшелігі мол болды. Атап айтсақ, Жаңасемейде құрастырылатын «шаттл» пойызының салмағы бүгінгі таңда 4,500 тоннаны құрады. Яғни, ауыр салмақтағы жылжымалы құрамға жатады.
Бүгінде аталмыш станцияда шаттл жүйесі бойынша пойыздар қозғалысының жұптық негіздегі жоспар-кестесі жасалған. Жалпы, ең ұзын жылжымалы құрам 57 вагоннан тұрады десек, мұндай пойызды Жаңасемейде қысқа мерзімде жасақтау жеңіл. Себебі, қосымша вагондар тиіп тұрған Семей станциясынан жеткізіледі.
Семей – Алматы-1, Семей – Астана, Ақтөбе – Семей бағыттары бойынша қатынайтын жүрдек жүк пойызы бірінші кезекте коммерциялық пайдаланым бойынша экономикалық тиімділік әкелді. Сондықтан ол қазіргі күні логистика мәселесінде тұрақты клиенттер санының артуына да оң ықпал еткен. Сондай-ақ, тасымалданатын жүк көлемі де артып келеді. Бір ғана мысал, «шаттл» игілігін пайдаланатын ең ірі компания «Аlmix» ЖШС өткен жылдың тек соңғы алты айында ғана салмағы 21,04 мың тоннадан тұратын 335 вагон жүк жөнелтіпті. Бұл орташа қарқын. Оң нәтижеге көз жеткізген соң алдағы уақыттарда тапсырысты еселеуді көздеп отыр.
Осы ретте Жаңасемейде жасақталған «шаттл» дәл жолаушылар пойызының жүріс тәртібімен Алматы шаһарына не бары 27, ал Астанаға 24 сағат ішінде барады. Ал осыған дейін тауар кассасында белгіленетін жүкті жеткізу мерзімі орташа есеппен алғанда тәулігіне шамамен 300 км ғана болатын. Ең жүрдегі – контейнерлік вагондар болып тұр. Олар тәулігіне 800 км қашықтықты жүріп өте алады. Міне, осы орайда, «уақыт – ақша» деп білетін бизнес өкілдері үшін тасымалдың бұл түрі мейлінше қолайлы да тиімді болып тұр.
–Бұл қызметтің басқа тасымал түрлерінен артықшылығы, тапсырыс иелерінің уақыты мен қаржылық шығынын азайтады. Сондай-ақ, тасымалдау үдерісін тиімді реттеп, басқарып отыру арқылы құжаттарды ресімдеу мен жүктердің сақталуына да қолайлылық әкеледі. Мұнымен қоса, «шаттл» пойыздары тапсырыс берушілер үшін вагондардың қолжетімділігі мен олардың айналымын да тездетеді. Клиенттеріміз қазіргі күні бұл тиімділіктерге толық көз жеткізді. Биылғы жылы «шаттлмен» тасымалданатын жүк көлемін арттыру жоспарлануда, – дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Еркін Шаубанұлы.
Сонымен қатар, бұл орайда, автомобиль және ұшақ қызметін пайдаланып келген бірқатар компаниялар өткен жылдан бастап теміржол қызметіне жүгінуде. Әрі олардың саны күн санап артып келеді. Мәселен, биылдан бастап, күллі республиканы құрылыс материалдарымен қамтып отырған «Семей цемент зауыты» ЖШС «шаттл» пойызына тапсырыс беруге ниет білдірген. Оған өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй құрылысы мен жол салу ісінің күрт артуы ықпал етіп отыр. Қазіргі күні аталмыш алпауыт компания қажетті құжаттамалар негізін әзірлеуде. Сондай-ақ, логистика саласының мамандары осыған дейін тауарларын автокөлікпен тасымалдап келген «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ, «Семей силикат зауыты» АҚ, «Жаңа Жібек жолы» ЖШС сынды кәсіпорындарға ұсыныспен шығуда. Яғни, клиенттер саны арта түспек.
«Шаттл» пойызының станция қызметі үшін де пайдасы мол болып тұр. Біріншіден, тастанды пойыздардың қалыптасуына жол бермесе, екіншіден, станциялар басында іркіліс туғызбайды екен. Демек, тәжірибеден бастау алып, тиімділікке жол салған эксклюзивті көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесінің жарқын үлгісін тек жетілдіру қажет деп қорытынды жасауға болады.
Қуаныш Қожаев, Семей
Регионы
22.07.2026
Реконструкция железнодорожных вокзалов завершена в Мангистауской и Павлодарской областях
Новости
22.07.2026
Минтранс поручил перевозчикам до конца года обеспечить пассажирские поезда доступом к интернету
Регионы
22.07.2026
Новые модульные здания для железнодорожников установлены на станциях Екибастуз-1 и Майкайын
Новости
22.07.2026
Семь поездов временно перестанут останавливаться на вокзале Алматы-1 из-за реконструкции
Новости
22.07.2026
ЕЭК отложила введение обязательных навигационных пломб в странах ЕАЭС до 2028 года
Новости
21.07.2026
Единое информационное пространство ЦЖС: все корпоративные сервисы — в одном месте
Спорт
21.07.2026
Железнодорожник поднял флаг КТЖ на вершине Эльбруса
Новости
21.07.2026
Пожарный поезд КТЖ принял участие в тушении пожара в Алматы
Грузовые перевозки
21.07.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» продолжает обновление локомотивного парка
Новости
21.07.2026
Зампред КТЖ представил в Австрии проекты по развитию транспортных коридоров
Инфраструктура
21.07.2026
КТЖ обновило 686 км железнодорожного пути
Новости / Архив
21.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №55 от 21 июля 2026 года
Пассажирские перевозки
20.07.2026
Женский вагон появится в поезде Тальго №81/82 «Нурлы жол – Орал»
Инфраструктура
20.07.2026
КТЖ ускоряет строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал
Регионы
20.07.2026
Систему Trip Optimizer внедрили в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Социум
20.07.2026
Сотрудница КТЖ создала волонтёрский проект «Аяла» для помощи недоношенным детям
Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO