Жолшы тек жолға жауап берсін
Новости
09.06.2017, 11:32
«Жолшыларға шектен тыс міндет артылуда. Өз жұмысы жайына қалып, пойыз қаққан әр адам мен малдың соңында жүретін болды. Жолшы – тек жол күтімімен айналысуы керек екенін заңмен бекітуді қалаймыз» дейді Арыс жол дистанциясының жолшылары.
– Біздің елде темір жол бойында жайылып жүрген малға иелері қарамаса айыппұл салу қиын. Пойыз малды басып кеткен соң иесі малынан айырылған соң екінші рет шығын шығарып «айыпұл» төлемес үшін өлген өз малы екенін мойындамайды. Төрт-түлікке сырғалықты да барлық мал иелері сала бермейді,- дейді аталған дистанцияның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Жандос Қошбағаров.
Екінші мәселе – өткел жайлы. Шойтөбе – Түркістан телімінің 3113 шақырымындағы өткелден Шәуілдірдегі Арыстанбаб мешітіне келетіндер көп өтеді. Шлагбаумның ұзындығы жолды жартылай жабатындықтан, жолдың жартысы көлік сиятындай ашық тұрады. Сондықтан, шлагбаумның жабық тұрғанына қарамастан көліктер өте береді екен. Өткен жылы мысалы, кезекшісі болса да осы өткелден 24 рет ереже бұзу фактісі тіркелген. Бірақ жол-көлік оқиғасы болған жоқ. Алыстан пойыз келе жатқанын көрген шоферлер үлгеріп қалайық деп шаңдатып өте шығады. Былтыр күзде бір көлік шлагбаум жабық тұрса да ашық жерінен өтіп, теміржолдың бағдаршамына соқтығысып, жүргізуші аман қалып, көлігі өртенді. Шорнақ – Түркістан теліміндегі өткел қаланың ішінде болғандықтан, көліктің есебі жоқ. Арыс жол дистанциясы бойынша 11 өткелдің алтауы күзетілсе, бесеуі күзетілмейді. Күзетілмейтінінің бәрі Мақтаарал – Жетісай телімінде. Ол жақта пойыз тәулігіне бірлі-жарым ғана жүруі мүмкін. Күзетілетін өткелдерге Шорнақ – Түркістан, Түркістан – Шойтөбе, Темір – Ақшоқат, Қарақоңыр – Қостүйін, Қостүйін – Ақдала өткелдері кіреді.
Жолшыларды қинайтыны – халықтың заңға бағынбауы болып тұр. Өткен жылдары Шымкентте бір өткелден шлагбаумды елеместен өте шығамын деген кісінің көлігі тоқтап қалып, пойызға соқтығысып бес адам қайтыс болған. Жүк машиналары да соқтығысып жатады. Сондай-ақ, дистанцияның 420 км ұзындығына малдан қоршау жасалған. Станция бойындағы қоршаған тұстарға тұрғындар өтетін есіктер қалдырылған. Бірақ, тұрғындар бекітпей, ашып кетеді екен. Ол жерден бір рет кірген мал айналып шыға алмай, ақыры пойызға соқтығады.
Мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын күнде жүргізсе де, жолшылар одан пайда болмай жатқанын айтады.
– Әрбір пойыз басып өлген малдың құлағын кесіп сырғасын көрсетіп, кімнің малы екенін дәлелдеп жүру жолшының жұмысы ма? Жолшы жол күтімін жасай ма, әлде малдың соңынан қуа ма? Тұрғындармен түсіндірік жұмысына 4-5 сағат кетеді. Ал жолшы сол уақытты жолын өлшеп, рельсін баптауға жұмсамай ма? Жедел тежегіш басқан сайын пойыздың шығыны есептеледі. Егер басылған малдың егесін біз таба алмасақ, әлгі шығынды жол шеберіне болмаса жол бригадиріне төлетеді. Осы да әділдік пе? – деген жолшылар өкілі Жандос Қошбағаровтың жанайқайының жаны бар-ау.
Жолшылар осы мәселені Парламент депутаттары көтеріп, малы теміржол жағасында қараусыз жүргені үшін мал иесіне төлететін айыппұлды заң жүзінде бекітіп беруін қалайды. Бұл жалғыз арстықтар емес, барлық жол дистанцияларындағы жағдай. Жолшылар осындай жанама жұмыстарға көп жегілетіндіктен, өз жұмысын уақытылы атқара алмайды.
-Бұрындары ірі қара мал басқанға тоқтамай кететін пойыз қазір ешкі басқанға да хаттама толтырып, протокол шығаруда. Қағазбастылықтың бұдан артық шегі болмайтын шығар? Машинистер жылына 40-тан аса жедел тежегішті басады. Әкімшілік барлық өткелге бейнебақылау қойса, айыппұлдың бәрін сол жерден алып, қысқа уақытта өз шығынын жабар еді. Ол кезде біз тек хат жазып береміз. Ал, айыппұл қағазы ережені бұзған адамның үйіне барып тұрады. Бүгін ше, пойыз адамды не малды қақса біз орталықтан барамын дегенше жұмысын тастап, телім басына бригадир мен шебері барады. Біріміз желілік ішкі ісерге хат дайындап жатқанда, қалғанымыз малдың иесін іздеп кетеді. Ал телім басындағы жұмыс қалады,- дейді дистанция өкілі.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Новости
21.07.2026
Единое информационное пространство ЦЖС: все корпоративные сервисы — в одном месте
Спорт
21.07.2026
Железнодорожник поднял флаг КТЖ на вершине Эльбруса
Новости
21.07.2026
Пожарный поезд КТЖ принял участие в тушении пожара в Алматы
Грузовые перевозки
21.07.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» продолжает обновление локомотивного парка
Новости
21.07.2026
Зампред КТЖ представил в Австрии проекты по развитию транспортных коридоров
Инфраструктура
21.07.2026
КТЖ обновило 686 км железнодорожного пути
Новости / Архив
21.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №55 от 21 июля 2026 года
Пассажирские перевозки
20.07.2026
Женский вагон появится в поезде Тальго №81/82 «Нурлы жол – Орал»
Инфраструктура
20.07.2026
КТЖ ускоряет строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал
Регионы
20.07.2026
Систему Trip Optimizer внедрили в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Социум
20.07.2026
Сотрудница КТЖ создала волонтёрский проект «Аяла» для помощи недоношенным детям
Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO
Интервью
17.07.2026
Порт Курык раскрывает свой потенциал как ключевое звено ТМТМ
Новости
17.07.2026
Правительство определило ключевые задачи по развитию ж/д инфраструктуры Казахстана
Новости / Архив
17.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №54 от 17 июля 2026 года
Новости
16.07.2026
Руководство Дирекции магистральной сети оценило ход реконструкции вокзала в Аркалыке
Новости
16.07.2026
Пожарные поезда КТЖ участвовали в ликвидации степных пожаров в Акмолинской и Павлодарской областях