Жолшы тек жолға  жауап берсін 

Жаңалықтар
09.06.2017, 11:32
«Жолшыларға шектен тыс міндет артылуда. Өз жұмысы жайына қалып, пойыз қаққан әр адам мен малдың соңында жүретін болды. Жолшы – тек жол күтімімен айналысуы керек екенін заңмен бекітуді қалаймыз» дейді Арыс жол дистанциясының жолшылары.   – Біздің елде темір жол бойында жайылып жүрген малға иелері қарамаса айыппұл салу қиын. Пойыз малды басып кеткен соң иесі малынан айырылған соң  екінші рет шығын шығарып «айыпұл» төлемес үшін өлген өз малы екенін мойындамайды. Төрт-түлікке сырғалықты да барлық мал иелері сала бермейді,- дейді аталған дистанцияның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Жандос Қошбағаров.       Екінші мәселе – өткел жайлы. Шойтөбе – Түркістан телімінің 3113 шақырымындағы өткелден Шәуілдірдегі Арыстанбаб мешітіне келетіндер көп өтеді. Шлагбаумның ұзындығы жолды жартылай жабатындықтан, жолдың жартысы көлік сиятындай ашық тұрады. Сондықтан, шлагбаумның жабық тұрғанына қарамастан көліктер өте береді екен. Өткен жылы мысалы, кезекшісі болса да осы өткелден  24 рет ереже бұзу фактісі тіркелген. Бірақ жол-көлік оқиғасы болған жоқ. Алыстан пойыз келе жатқанын көрген шоферлер үлгеріп қалайық деп шаңдатып өте шығады. Былтыр күзде бір көлік шлагбаум жабық тұрса да ашық жерінен өтіп, теміржолдың бағдаршамына соқтығысып, жүргізуші аман қалып, көлігі өртенді. Шорнақ – Түркістан теліміндегі өткел қаланың ішінде болғандықтан, көліктің есебі жоқ. Арыс жол дистанциясы бойынша 11 өткелдің алтауы күзетілсе, бесеуі күзетілмейді. Күзетілмейтінінің бәрі Мақтаарал – Жетісай телімінде. Ол жақта пойыз тәулігіне бірлі-жарым ғана жүруі мүмкін.  Күзетілетін өткелдерге  Шорнақ – Түркістан, Түркістан – Шойтөбе, Темір – Ақшоқат, Қарақоңыр – Қостүйін, Қостүйін – Ақдала өткелдері кіреді.  Жолшыларды қинайтыны – халықтың заңға бағынбауы болып тұр. Өткен жылдары Шымкентте бір өткелден шлагбаумды  елеместен өте шығамын деген кісінің көлігі тоқтап қалып, пойызға соқтығысып бес адам қайтыс болған. Жүк машиналары да соқтығысып жатады.  Сондай-ақ, дистанцияның 420 км ұзындығына малдан қоршау жасалған. Станция бойындағы қоршаған тұстарға тұрғындар өтетін есіктер қалдырылған. Бірақ, тұрғындар бекітпей,  ашып кетеді екен. Ол жерден бір рет кірген мал айналып шыға алмай, ақыры пойызға соқтығады. Мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын күнде жүргізсе де, жолшылар одан пайда болмай жатқанын айтады. –  Әрбір пойыз басып өлген малдың құлағын кесіп сырғасын көрсетіп, кімнің малы екенін дәлелдеп жүру жолшының жұмысы ма? Жолшы жол күтімін жасай ма, әлде малдың соңынан қуа ма? Тұрғындармен  түсіндірік жұмысына 4-5 сағат кетеді. Ал жолшы сол уақытты жолын өлшеп, рельсін баптауға жұмсамай ма?  Жедел тежегіш басқан сайын пойыздың шығыны есептеледі. Егер басылған малдың егесін біз таба алмасақ, әлгі шығынды жол шеберіне болмаса жол бригадиріне төлетеді. Осы да әділдік пе? – деген жолшылар өкілі Жандос Қошбағаровтың жанайқайының жаны бар-ау. Жолшылар осы мәселені Парламент депутаттары көтеріп, малы теміржол жағасында қараусыз жүргені үшін мал иесіне төлететін айыппұлды заң жүзінде бекітіп беруін қалайды.  Бұл жалғыз арстықтар емес, барлық жол дистанцияларындағы жағдай. Жолшылар осындай жанама жұмыстарға көп жегілетіндіктен, өз жұмысын уақытылы атқара алмайды. -Бұрындары ірі қара мал басқанға тоқтамай кететін пойыз қазір ешкі басқанға да хаттама толтырып, протокол шығаруда. Қағазбастылықтың бұдан артық  шегі болмайтын шығар? Машинистер жылына 40-тан аса жедел тежегішті басады. Әкімшілік барлық өткелге бейнебақылау қойса, айыппұлдың бәрін сол жерден алып, қысқа уақытта өз шығынын жабар еді. Ол кезде біз тек хат жазып береміз. Ал, айыппұл қағазы ережені бұзған адамның үйіне барып тұрады. Бүгін ше, пойыз адамды не малды қақса біз орталықтан барамын дегенше жұмысын тастап, телім басына бригадир мен шебері барады. Біріміз желілік ішкі ісерге  хат дайындап жатқанда, қалғанымыз малдың иесін іздеп кетеді. Ал телім басындағы жұмыс қалады,- дейді дистанция өкілі.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты