Логистиканы дамыту – уақыт талабы 

Новости
19.08.2016, 18:18
3 мин чтения
    Қазақстан үшін  халықаралық көлік дәліздерін ықпалдастырудың маңызды бағыты көліктік-логистикалық орталықтар (КЛО) құру болып саналады. «Батыс – Шығыс», «Оңтүстік – Солтүстік» жоғары технологиялы көліктік халықаралық дәлізін құру - тасымалды басқаруда аймақтық қуатты орталықтар ашу қажеттілігін туғызды.          Астанада ашылған орталықтан бөлек, бүгінгі таңда Шымкент, Ақтөбе қалаларында және Қорғаста КЛО-ды іске қосу бойынша жобалық жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Шымкенттегі орталықты ашу биылғы жылдың соңына жоспарланған. Оның тұжырымдамасы Астана орталығымен бірдей. КЛО қаланың әуежай, автожол және темір жол тоғысқан жерге орналасқан. Жалпы ауданы 34 га құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуда оң потенциалы бар. Облыс арқылы экономикалық қатынастарды дамытуға ықпал ететін сауда жолдары өтеді. Бүгінде бұл мүмкіндіктер біршама ұлғая түсті. Тиімді көліктік-экономикалық жағдай, ауқымды еңбек ресурстары, қазіргі заманғы телекоммуникациялық желі, іргелес мемлекеттерге тез, әрі жедел шығу отандық кәсіпкерлер үшін де, шетелдік бизнесмендер үшін де оң инвестициялық ахуал қалыптастырады. Жақын уақытта Шымкент халқының саны 2 млн-ға жетіп, ірі өндірістік кластері бар қалаға айналмақ. Нысан құрылысының аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуда маңызы зор.        Қытаймен екінші шекаралық қақпа «Қорғас» станциясы да экономикалық географиялық тиімді жерде орналасқан. Бұл станция болашақта елдің батысында «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізіне шығатын «Батыс – Шығыс» маңызды халықаралық көлік дәлізінің бағытында орналасқан. Сонымен қатар оның ірі қаржы-сауда орталығы Алматы қаласы мен батыс Қытай инфрақұрылымдық дамыған тораптарына, соның ішінде «Үрімші – Ланьчжоу – Ляньюнгань» негізгі теміржол желісіне жақын орналасуы географиялық маңыздылығын арттыра түседі. Мұның барлығы облыс аумағында жүктер мен контейнерлерді өңдеу бойынша көліктік шоғырландыру орталықтары жүйесін жасап, халықаралық көліктік дәлізі жүйесін дамыту мақсатында көліктік-логистикалық орталықты құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.   Ал Ақтөбеде КЛО  салу тиімділігі облыстың Азия мен Еуропа кіндігінде орналасқандығымен және оның жақын уақытта жаңа көліктік дәліздер құру жолымен   көліктік әлеуетін дамыту мүмкіндігі артатындығымен байланысты. Ақтөбе облысы елімізде логистикалық орталық ретінде басты рөл ойнайтын болады және ол республикамызды Каспий маңы елдеріне, Ресейге, Батыс Еуропаға шығарар батыс қақпасының бір бөлігіне айналмақ. Географиялық жағынан қарқынды дамып жатқан Еуропа, Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азия нарықтары арасында орналасуының арқасында көліктік логистиканы дамыту және оны жүзеге асыру деңгейі бойынша «Қазақстанның Жаңа Жібек жолы» жобасының маңыздылығы еліміз үшін өте зор.  Жібек жолының экономикалық белдеуі – теңдессіз қысқа мерзімде, яғни, 8-10 күнде Грузияға, сосын 3-5 күнде Еуропаның түрлі елдеріне кететін жүктерді қабылдауға мүмкіндік береді. Тасымал айтарлықтай қысқарып, арзандай түседі. Бұрын Қытайдан Еуропаға бағытталатын жүктер тасымалы теңіз жолымен жүзеге асты. Оған 40 күн уақыт кететін. Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия арқылы Ресейді айналып өтетін бағдар: «Жібек жолы» арқылы қозғалатын пойыз Ресей аумағын кесіп өтпейді. Себебі қазақстандық Ақтау қаласында кемелерге тиеліп, 12 сағаттан соң Каспий теңізінің екіші жағалауындағы әзірбайжандық Алят портына жетеді. Ал Грузияға пойыз Поти портына дейін барып, сол жерден Қара теңіз өткелі арқылы Стамбулға, одан әрі Болгария, Украина, Румыния және Грецияға жетеді.        Елімізде тасымал көлемі ұдайы өсіп келеді. Шетелге негізінен мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, астық, қара және түрлі түсті металдар жөнелтілуде. Қазақстанда көліктік логистикалық қызмет көрсететін ондаған көліктік экспедиторлық компаниялар жұмыс істейді. Елімізде Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларындағы ірі көліктік логистикалық желілер Қазақстанның жүк айналымын орталықсыздандыруға мүмкіндік ашады.         Қазақстан аумағы арқылы өтетін көліктік дәліздердің басты артықшылығы – ара қашықтықтың айтарлықтай қысқаруы болып табылады. Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы қатынасты толықтай жүзеге асырғанда тасымал қашықтығы теңіз жолына қарағанда екі есеге және Ресей аумағы арқылы өтетін транзитпен салыстырғанда 1000 км-ге дейін қысқарады.

Райхан Рахметова

Астана

Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ
Новости
06.10.2026
Вокзал Алматы-1 готовят к открытию
Новости
06.10.2026
Сауранбаев: Цифровизация сократила ожидание грузов на границе в 10 раз
Новости
06.10.2026
KTZ Express и Maersk представили совместные решения для экспорта казахстанской продукции
Новости
06.10.2026
ҚТЖ представило ИТ-стратегию до 2030 года на форуме Digital Bridge
Новости / Архив
06.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №79 от 06 октября 2026 года
Новости
05.10.2026
О ходе дноуглубительных работ в порту Актау рассказали в Минтрансе
Регионы
05.10.2026
Реконструкция вокзала станции Аксу-2 завершена в Павлодарской области
Регионы
05.10.2026
Уральские железнодорожники отметили День пожилого человека
КТЖ в лицах
05.10.2026
Династия Шакеновых: 522 года на железной дороге Казахстана
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области