Еркенов Мақсат Еркенұлы
«ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС-нің ұжымдық даму департаментінің менеджері
Мақсат, 1995 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жаңаесіл станциясында дүниеге келген. Атасы теміржол саласында жұмыс істеген, әкесі де теміржолшы.
Еңбек жолын 2015 жылы «Локомотив сервис орталығы» АҚ филиалында бастаған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақмола МКҚК» филиалында жетекші заң кеңесшісі, жетекші инженер, жабдықтау секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2021 жылдың қарашасында ЖТ орталық аппаратына ауысқан.
– Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?
– Менің маман ретінде қалыптасуыма айналам әсер етті, атап айтқанда Көкшетаудағы әріптестерім мен достарым. Солардың арқасында көп білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туды. Менің ойымша, білім – қалыптасқан білім базасы, тәжірибеде жеке дағдылар маңыздырақ.
– Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды (өзгеріс әкелген) оқиғалар туралы айтып берсеңіз.
– 2021 жылы коронавирус қатты тарап жатқан кезде қатты сырқаттандым, иммунитетім айтарлықтай түсіп кетті, физикалық қозғалыстың аздығынан артық салмақ қосып алдым. Сол себепті кез келген сырқатты ауыр өткердім, ештеңеге күшім болмады. Сондықтан өмірімді түбегейлі өзгертуді қолға алып, спортпен айналысуды бастадым, қазір ол менің күнделікті жұмысымның бір бөлігіне айналды. Спортпен өз рахатым үшін және денсаулығым үшін айналысамын. Жұмыс аптасын жоспарлағанда күн сайын дене шынықтыру жаттығуларына, сонымен қатар әдеби кітаптар оқуға жеке уақыт бөлемін.
– Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?
– Қолдау – баға жетпес көмек қой. Менің әр бастамама достарым, отбасым мен жақындарым үнемі қолдау білдіреді.
– Көп әрі өнімді еңбек еткен адам қалай демалады? Қандай хоббиіңіз бар немен әуестенесіз?
– Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Жаңа айтқанымдай 2021 жылдан бері өмірімде спорт пайда болды. Триатлонмен айналысамын, ол жерде спорттың үші түрі – жүзу, веложарыс және жүгіру бар. Бұл әртүрлі қашықтықта өтетін циклдік спорт түрі.
– Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі (мансаптық өсуге ықпал етеді)?
– Жеке жауапкершілік, коммуникативті дағдылар, шешімділік, баламаларды таба білу.
– Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?
– Қазіргі уақытта мен өз жұмысымның жаңа бағытын оқып жатырмын – «Жобаларды басқару». Оқу нәтижелері бойынша жақсылық үшін жеке дағдыларым мен қабілеттерімді көрсете отырып, Компанияның ірі жобасына менеджер ретінде қатысқым келеді.
– Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
– Жас мамандарға жұмыстан қорықпауға, оған жан-тәнімен беріліп істеуге кеңес беремін, мүмкіндігінше жұмысыңыз бойынша ақпарат алуға тырысыңыз. Уақытыңыз бос кезде түрлі әдеби кітаптар оқыңыз, өз салаңыздағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыз. Бір сөзбен айтқанда оқиғалардан хабардар болыңыз.