Көпбаев Кувватбек Муратбекұлы
Көпбаев Кувватбек Муратбекұлы
Маңғыстау стансасы ТҚКП вагон қараушы-жөндеушісі
19.06.1990 жылы Түрікменстан Республикасында дүниеге келді. 1995 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында, №2 орта мектепті 9-сыныпқа дейін оқып, оқуды тәмандағаннан кейін Алматы қаласындағы Қазақ қатынастар университетіне 2006 жылы оқуға түсті, 2010 жылы жоғары оқуды бітірді. 2011 жылдан бері Маңғыстау стансасы техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы-жөндеуші болып жұмыс атқарады.
Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?
Менің тұлға болып қалыптасуыма бірден-бір ықпал еткен үйдегі әке-шешемнің қолдауы мен жұмыстағы әріптестерімнің демеуі. Тек білім алған адамдар ғана сауатты маман деп санамаймын. Білімді маман мен тәжірибе жүзіндегі біліктілігін ұштастыра білген адам ғана, сауатты маман деп есептеймін.
Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды (өзгеріс әкелген) оқиғалар туралы айтып берсеңіз.
Менің өмірімде өзгеріс әкелген бірден-бір оқиға, мені өзге адамға бала етіп беріп жіберген кез, сол үйдің адамдары 12 жасымда орталық сауда базарында арба мен қара жұмыс жасатып қойған кез. Мен өте қатты күйзелісте болдым. Өсе келе Алматы қаласына ең алғаш жоғарғы оқуға түскен кезім. Қаражат жоқ, авто тұрақтар мен көлік жуатын орталықтарда жұмыс істедім. Мен үшінде сол кезеңдер қызықты да қиын кездер болды.
Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?
Кәсіби мәнсапты бастағанда ата-ананың қолдауы өте маңызды. Ата-ананың разылығын, ақ батасын алмасаң жұмысың алға баспайды. Ата-ананың разылығы, Алланың разылығы!
Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма? Неліктен ол адам?
Өмірімде, әріптестеріміздің арасында үлгі тұтқан адамым Якупбаев Жұмабек. Әр жұмысшының тілімен сөйлесе алады. Психологиялық тұрғыда барлығын біледі, жұмыскерлермен жақсы қатынаста болды. Сол себептен де ол адамды үлгі тұтамын.
Көп әрі өнімді еңбек еткен адам қалай демалады? Қандай хоббиіңіз бар немен әуестенесіз?
Көп әрі өнімді және адал еңбек еткен адам, өте жақсы демалады. Менің хоббиім, бос кезде кітап оқып, ән айтқанды жақсы көремін!
Отбасыңыз сіздің жұмысыңызға қалай қарайды?
Отбасым менің жұмысыма өте жақсы қарайды. Әр қашан да жол сілтеп, қолдап отырады.
Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі (мансаптық өсуге ықпал етеді)?
Жұмысқа деген адалдық пен жауапкершілік және де жан-жақтылығым.
Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?
Әуелі Алла деп, үлкен белестерді бағындырғым келеді.
Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
Оқу, еңбек, талап, өзіңе деген сенімділік.