Орысбай Мейірхан Бекжанұлы
Орысбай Мейірхан Бекжанұлы
Жамбыл ТЧЭ-31 локомотив бригадасының машинист-нұсқаушысы
Менің тұлға ретінде қалыптасуыма әрі дамуыма көптеген жағдайлар әсер етті. Ата-анам үлгі болды, балалық шақтан берілген тәрбие, мектептегі оқу, білімге деген құштарлығым –осының барлығы бүгін мақтан тұтатын мамандығымды таңдауыма себеп болды.
Машинист көмекшісі болып жұмыс істегеннен кейін локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы болып тағайындалып, жас мамандармен жұмыс істедім, оларға бар білген тәжірибеммен бөлістім.
Құрметке лайық адамдардың қатарынан біздің кәсіпорын басшысын – білікті де сезімтал басшымызды атап өтуге болады. Ол еңбек жолын төменнен бастап, бірте-бірте теміржолшы мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап, басшылық қызметке тағайындалған. Осындай адамдардың қалыптасу тарихына сүйсінемін әрі оларды үлгі тұтамын. Жас маман ретінде бай тәжірибе жинап, мұнымен тоқтап қалмай, алға ұмтылғым келеді.
Жұмыстан бос уақытымда бар назарды отбасыма аударғанды жөн көремін, балаларыммен жұмыс істеп, ата-анама көмектесемін. Менің әуестігім – нұсқаушы-жүргізуші мамандығы бойынша өзімді жетілдіру.
Жаңадан жұмысқа орналасуға келген маманға бір ғана кеңесім бар – жұмыс істеп, таңдаған ісіңе жаныңды салу. Егер бұл жұмыс сіздің көңіліңізден шықпаса, онда қайта ойланып, басқа нұсқаны таңдаған дұрыс.