Сүлейменов Еркебұлан Өмірбекұлы
Сүлейменов Еркебұлан Өмірбекұлы
1991 жылы 5 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1997 жылы №253 қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа барады. 2008 жылы мектепті бітірген соң Болашақ унверситетіне түседі.
2011-2012 жылдары 0112 әскери приезиденттік күзет бөлімінде әскери міндетін атқарды.
2013-2016 жылдары 29011 әскери теңіз күштеріне келісім-шарт бойынша қызмет атқарған.
2012 жылы Қазақ теміржол көлігі академиясын электро-механика мамандығы бойынша бітірген.
Әкесі Сулейменов Өмірбек Сафарұлы Қызылорда қаласының тумасы.
Анасы Қалмагамбетова Алма Әбілқасымқызы Қызылорда қаласының тумасы, зейнеткер.
Әйелі Айтімова Нұрсұлу Жомартқызы Қызылорда облысының тумасы, медицина қызметкері.
Теміржолшы қазір төрт бала тәрбиелеп отыр.
Білікті маман болып шығуына отбасында, мектепте, ЖОО-да алған тәрбие мен білімі көмектескенін айтады. Әр салада жұмыс істеу және оның қағидаларын ұстау оның өміріне жаңа леп әкелген.
Өмірінде Бекзат Фаизовтан көп нәрсе үйренгенін айтады. Ол өз ісінің нағыз маманы көрінеді.
Бос уақытында демалысты отбасымен белсенді өткізгенді жақсы көреді. Хоббиі: балық аулау және футбол ойнау, қол өнермен айналысу.
Отбасы жұмысына өте жағымды қарайтынын айтады, өйткені отбасының тарихы теміржолмен тығыз байланысты.
Жақсы қарым-қатынас, жауапкершілік, қоғамдық өмірге белсенді қатысу сияқты қасиеттері жетістікке жетуге ықпал ететінін айтады.
Болашақ теміржолшыларға әріптестермен байланыс орнату, тәжірибелі адамдардан үйрену, жаңаға ұмтылу, белсенді болу және жаңа нәрселерді көруден қорықпау қажет деген кеңес береді.