«Өмір жолы» Ақмола темір жол бөлімшесінің мұражайы
Әскери және еңбек даңқы мұражайы 1981 жылы Көкшетау жол бөлімшесінің бастығы Л.Мұхамедғалиев пен облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Романовтың ұйғарымымен құрылған. Материалдарды жинау және өңдеу жол бөлімінің технологиялық тобының аға инженері А.Колесниковке жүктелді. Қазіргі уақытта музейге майталман теміржолшы, Көкшетаудағы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мәжит Ғалымжанов жетекшілік етеді.
Соңғы жылдары мұражай айта жаңғырып, іс жүзінде жаңадан құрылып, «Жол – Өмір» деген жаңа атауға ие болды .
Мұражай темір жол вокзалының астыңғы қабатында орналасқан, үш кең экспозициялық залдан тұрады. Онда 1 мыңға жуық жәдігер бар. ,XX ғасырдың алғашқы 20 жылдығында салынған Петропавл – Көкшетау жолының құрылысы кезеңінен бастап, қысқаша Петрокок деп аталған Қазақстанның солтүстігіндегі темір жолдың қалыптасуы мен дамуы туралы көптеген тарихи материалдар жинақталған.
2014 жылдың желтоқсан айында «Туған жер – 2014» Отан даңқы қоғамдық музейлерінің шолу-байқауында «Жол-өмір» мұражайы Қазақстандағы 249 мұражайдың арасынан Бас жүлдеге ие болды.