Вокзалдар қызметінде – жаңа тұжырымдама

Жаңалықтар
17.01.2017, 18:40
Оқуға 2 мин
Магистральдық желі дирекциясының қарамағына өткен жылдың қыркүйегінде вокзал шаруашылығы енгізілгені белгілі. Қазір аталған шаруашылық бірінші кезекте, вокзалдарда жолаушыларға көрсетілетін сервисті жетілдіруді мақсат етіп  отыр. Осы мақсатта, Магистральдық желі дирекциясы Инвестициялар және даму министрлігіне вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсету бойынша, соның ішінде, коммерциялық орын-жайларды орналастыру және жарақтандыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау, ана мен бала бөлмесінің күтімі бойынша  талаптарды жақсартуға қатысты Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеп, жолдаған. Бұдан бөлек, аталған дирекциямен Темір жол вокзалдарының  жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі мен тұжырымдамасы жасалып, бекітілді. Бұл құжат коммерциялық алаңдарға қатысты талаптар мен жағдайларды қайта қарауға негізделген.   Сонымен, сервистік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдемелері бар Тұжырымдаманы енгізу Астана, Алматы-1, Алматы-2 және Қарағанды вокзалдарына 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап, Ақтөбе вокзалы мен бірінші сыныпты 11 вокзалға биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап, ал екінші және үшінші сыныпты 41 вокзалға 1 шілдеден бастап енгізу жоспарланып отыр.    Сондай-ақ, вокзал шаруашылығы алдына вокзал ғимараты мен аумағында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты тұр. Аталған бағыт бойынша, өткен жылы 56 жиынтық алдын ала тексеру жабдығы сатып алынған, оларды осы қаңтар айының соңына дейін  16 вокзалға орнату көзделіп отыр.

Ислам ТАЛҒАТ

 
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті