Отандық рельстер төселуде
Маңғыстау өңірінде биылғы қыс жұмсақ болып тұр. Сондықтан жолшылардың желтоқсанда басталған күрделі жөндеу жұмыстары 10 және 11 бекеттер арасында «Теміржол жөндеу» ЖШС-ның СМП Бейнеу филиалымен еш кедергісіз жалғасын табуда.
Қазір 18,9 км бойына рельс бунақтары төселуде. Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Бектөре Орысбаеваның айтуынша, биыл Өзен – Маңғыстау телімі бойындағы 20 км жол күшейтілген орта жөндеуден өтпек. Р43 типіндегі рельстер су жаңа Р65 типіндегі ауыр рельстерге алмастырылмақ. Сондай-ақ, рельс астындағы топырақты үйінділер орнына қиыршық тастар төселмек.
Біз барғанда «Тамақ» бекеті мен 16 бекет арасындағы 391-392 шақырымда 40-қа жуық жол шаруашылығының мамандары қауырт жұмыс жүргізуде екен. Сом балға мен сүйменді құлаштай үйіріп, шойын жолдың тетіктерін босатып, ақаутапқыш техника мен құралдар көмегімен ақаулы рельстерді анықтап, жолды өлшеп-пішіп, жұмыла жұмыс істеп жатқан жолшылар шыңылтыр аяз болмаса да салқын да сызды ауа райының суықтығын елемей, сырт киімдерін шешіп тастап кіріскен. Екі шақырымдық жолға рельс төсеудің қамына кіріскен жолшылар ертеңгі болатын «толаскезге» дайындық үстінде екен. Маңғыстау жол дистанциясының №4 телім бастығы Тұтқабай Оңғаров жігіттердің жіті қимылын бақылап-басқаруда.
─ Ақтөбеден 2 шақырым рельс әкеліп, перегонға түсірді. Кеше 350 метр аудардық, бүгін жоспар бойынша тағы да осынша метр төсейміз деп отырмыз. Жалпы қазір қисық телімдердегі тозығы жеткен рельстерді тұтастай алмастыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар 5,9 км. Ақтөбе зауытынан әкелініп, салынып жатқан отандық рельстер сапасы жағынан талас тудырмайды. Ара-тұра қар ұшқындап, күн суытқаны болмаса, қыстың қаһарына мінбей әлі де жаймашуақ мінез танытуы да бізге болысып тұр. Барлық жұмысты алдын ала дайындап алып, тек жолды аударып төсеу кезінде ғана «толаскез» алып, жұмысты кестеге сай жүргізіп жатырмыз, - дейді Тұтқабай Оңғаров.
Жолшыларға «ЖЕЙСМАР» фирмасының жол техникалары мен станоктары үлкен көмегін тигізуде. Рельсті кесіп те тесіп, әрі болттарды бұрап, қатайтып, түзетіп, тегістеп, қысқасы рельс төсеуде қыруар жұмысты жалғыз өзі атқаруға қауқары бар станоктар жолшылардың қол жұмысын көп жеңілдеткен.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті