Күзет – күшейтілген тәртіпте
Аягөздік теміржолшылар жылды қауіпсіздік шараларын күшейтумен бастады. Шаһар ішін көктей өтетін желі бойында аталмыш бағыттағы шаралар жіті бақылауға алынған.
Әсіресе маневрлік пойыздар қозғалысының жиілігі аса жоғары станция басында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазіргі күні Аягөз теміржолы вокзалының аумағы, аспалы көпір маңайы толықтай дерлік Әскерилендірілген күзет пен желілік полиция қызметкерлерінің назарына алынған. Себебі, рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетін жұрт осы аумақтың бірнеше жерін күнделікті қатынайтын соқпаққа айналдырған. Ал бұл жайт қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіні белгілі.
–Желі бойының жүргіншілері жиі кесіп өтетін тұстарына арнайы ескерту белгілерін қойып, ескіргендерін жаңаладық. Сонымен қатар, арнайы аншлагтар ілініп, қажет деп танылған тұстарға қоршаулар да қойылды. Осы шаралардың аясында станция басындағы күзет шаралары да күшейтілді. Бүгінгі күні станция аумағы бұрын-соңды болмаған күшейтілген тәртіпке енгізілді, – дейді Аягөз станциясы бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұржан Жақанов.
Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында жылыну бекеттері мен бақылау постыларындағы көрнекі ескертпелер толықтай жаңартылыпты. Қазіргі күні ұзындығы бірнеше шақырымға созылып жатқан станциялық жолдардың бойынан тәртіп сақшыларының ысқырығын жиі естуге болады.
Қуан ЕРТІС, Аягөз
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті