Түлкібас – Шымкенттің қақпасы
1917 жылы салынған Түлкібас темір жол вокзалына келер жылы бір ғасыр толады. Облыс аумағына кірер қапа сынды станцияны былайғы жұрт, әсіресе пойызбен жолаушылайтын халық алманың отаны деп таниды. Рас, шелек-шелек алма көтерген жергілікті халық келген-кеткен жолаушы пойыздарына алып шығады.
Сондықтан, жұпыны ғана вокзалы бар станциядан түсіп, Түлкібастың иісі бұрқыраған алмасын сатып алмаған жан кемде кем шығар. Шағын болса да сүйегі мықты ғимарат ғасыр өтсе де сыр бермей тұр. Жүз жыл бұрын тұтқында жүрген австриялықтар мен поляктардың қолымен тастан қашалып тұрғызылған вокзал қабырғасының қалыңдығы 1 метрге жетеді. Жаңаласа әлі талай жылға жететін түрі бар. Сегіз жылдан бері вокзал шаруасына жауапты Бауыржан Рысқұлбекұлы кезінде Түркістаннан кейінгі жөнделетін вокзалдың бірі Түлкібас болатын, қаржының қысқаруына байланысты жасалмай қалды дейді.
– Вокзал 2014 жылдан бері ұлттық компанияның меншігіне өтті. Бұйырса 2017-2018 жылы жөндеу жүргізіледі деп күтіп отырмыз. Заманауи ана мен бала, мүгедектер бөлмесі үлкен қалаларда ғана бар. Бірақ, халық саны өсіп жатқан біздің ауданға да керегі болады. Өйткені жұп күндері 28, тақ күндері 32 жұп пойыз жүреді. «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызынан басқа жолаушылар пойызының бәрі тоқтайды. Қыста күн сайын 200-250, ал жазда 300-350 жолаушы билет алады. Вокзалдан келіп мініп, осы жерден түсетіндерді қосқанда тәулігіне 500-ден аса жолаушы келіп-кетеді, - дейді вокзал бастығы.
Бүгінде вокзалдағы жүк сақтайтын қойма шатырынан жауын-шашынды күндері су ағатындықтан қолданылмай тұр екен. Жолаушылар жүктерін затын алуға өткізетін орын таппай, қолайсыздық та туындап жататынны шындық дейді.
Он бес шақты вокзал қызметкерлері күні-түні жолаушыларға қызмет көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Түлкібас
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті