Инвестициялық платформа құрмақ

Жаңалықтар
20.01.2017, 19:41
Оқуға 2 мин
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін жақын арада өзара инвестициялық платформа құрмақ. Бұл туралы 17 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен БАӘ Президент ісі жөніндегі министрі және вице-министрі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаян шейхпен арада жүргізілген келіссөз кезінде мәлім болды. Келіссөзге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 15-16 қаңтардағы Араб елдері әмірлігіне ресми сапары кезінде қол жеткізілді.   Жиында тараптар энергетика, мұнайхимия, атом өнеркәсібі, көлік және логистика, әскери-техникалық салалардағы ортақ жобаларды дамытуға дайын екендерін жеткізді. «Бәйтерек» холдингі мен «Mubadala Development Company PJSC» Қазақстан аумағы мен өзге көрші елдердің басым нарықтарындағы инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін жақын арада өзара инвестициялық платформа құруға келісті.    Екі елдің энергетика министрліктері Қазақстанда мұнай газ химия кешені құрылысының жобасына тараптардың қатысу мүмкіндігін талқылады.«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «Etihad Rail» ұлттық теміржол компаниясы БАӘ мен үшінші елдерде бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды. БАӘ атом энергиясы жөніндегі корпорациясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»-мен ядролық энергияны бейбіт түрде пайдалану саласында екі жақты қарым-қатынасты дамытуға ниет білдірді. Кездесуге Қазақстан тарапынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Е. Досаев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы А. Жұмағалиев, Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов, тағы басқа жауапты тұлғалар қатысты.

 Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

 
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті