Жүйелі жоспар жасақталуда
«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП өкілдері еліміздегі вагондар тапшылығына байланысты бірлескен отырыс өткізді. Жиында компания басшылығы вагондар тапшылығы мәселесіне орай ахуалдың алдын алу ұсыныстары мен 2017 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Компания басшысы Қанат Алпысбаев пен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков кәсіпкерлік палатасы өкілдері мен аймақтардағы темір жол арқылы жүк жөнелтетін жеке кәсіпкерлер сұрақтарына жауап берді.
-Нақты белгіленген баға шарттарын көрсете отырып, жүк жөнелтушілермен тікелей ұзақ мерзімді келісім-шарт жасау, жылжымалы құрамдардың іс жүзінде берілгендігіне қарай электронды сауда аукциондарын құру, жүк тасымалдау кезінде ашық вагондарды пайдалануды ұйымдастыру жөнінен барлық мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен штаб ашу, жүк тиеу және түсіру операцияларына уақытты қысқарту бойынша шаралар алу, атап айтқанда, үдерістерді механизациялау, жол тармақтары иелерінің кіреберіс жолдардағы инфрақұрылымын дамыту көзделуде, - деді компания басшысы.
Сонымен қатар ҚТЖ тарапынан ұсынылған шаралар қатарында бір орталықтан басқарылатын жол иелерімен келісім орнату арқылы ашық вагондарды бір паркке шоғырландыру мүмкіндіктерін қарастыру да бар. Бұған қоса қазақстандық жүк жөнелтушілердің кепілдік берілген тапсырысы негізінде ресейлік вагондар паркін тарту да көзделіп отыр.
Акционерлік қоғамның тасымалдау үдерістерін оңтайландыру және жүк тиеу, түсіру операцияларын жетілдіру туралы баяндаған О. Кулаков осы жылға арналған жұмыстар тізбегінде 3000 жүк вагонына қол жеткізу бар екенін жеткізді. Сонымен қатар биылғы жылдың жоспарында 283 жүк вагонына күрделі жөндеу жүргізу, 69 локомотивті жаңарту, жолдың үстіңгі қабаттарына күрделі жөндеу жүргізіп, 764 км рельс ауыстыру, 229 жолаушылар вагонын жаңарту, транзиттік тасымалды дамыту, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық нысандарды пайдалануға беру жоспарланған.
Райхан РАХМЕТОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті