Қолданыста – тың тәсілдер 

Жаңалықтар
24.01.2017, 12:58
Оқуға 2 мин
  Жол бойындағы станциялар мен жол айрықтарында қызмет ететін сала мамандарының шеберліктерін шыңдауда Семей жүк тасымалдау бөлімшесіндегі өндірістік-техникалық бөлімнің ықпалы мол.    Аталған бөлімде еңбек ететін мамандар техникалық дәрістердің тиімділігін арттыру мақсатында әдістемелік тәжірибе қалыптастырып, тың тәсілдерді қолданысқа енгізген. Бүгінде бөлімшедегі техникалық сабақтар жаңашыл үрдіспен өткізіліп жүр. Осыған дейін қолданылып келген ойын түріндегі танымдық дәрістер мен сайыс сабақтар жетілдірілген. Мәселен, Семей станциясының дәріскерлері кубизм стратегиясы мен сыни ойлау тәсілдерін қолданса, Семей вагон пайдалану депосы мен локомотив шаруашылығында негізінен командалық жарыстар ұйымдастырыла бастады. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің өндірістік-оқыту нұсқаушылары дәрістерге жыл сайын тың әдістемелер енгізеді. Мысалы, биылдан бастап, ойын түрінде ұйымдастырылатын шаралар барысында «ыстық орындық», «миға шабуыл» сынды тәсілдер қолданылмақ.  Қазіргі күні өндірістік-техникалық бөлімнің техникалық нұсқаушылары әдістемелік жұмыстарды жүйелеп пысықтап жатыр, тың әдістемелер қазіргі күннің өзінде қолданысқа енгізілген. Атап айтсақ, жуырда Семей станциясындағы техникалық күтім бекетінде өткізілген семинар барысында аталмыш мәселе жан-жақты талқыға түсті. Техникалық дәріскерлер сонымен қатар теміржолшылардың тек аудиторияда ғана белсенділік танытып қоймай, жұмыстан тыс уақыттарда да іздене білу қасиеттерін қалыптастыру қажет деген пікір төңірегінде ой өрбітті.        Бұл шаралар енді желі бойында жалғасады. Атап айтсақ, қалыптасқан қызметтік дағды бойынша, алыс-жақын станциялардағы теміржолшылардың білім-біліктерін пысықтап, емтихан алып, кәсібилікті ұштауда жаңа бағыт қолданылмақ.  

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті