Құрманғазыға пойыз тоқтайды

Жаңалықтар
24.01.2017, 13:15
 Атырау облысының Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданына қарасты бірнеше ауылының тұрғындары облыс орталығына пойызбен қатынауға  мүмкіндік алды. Жылдар  бойы шешімін таппаған мәселе түйіні шешіліп, бүгіндері аудан халқы темір жол мен жергілікті әкімдікке алғыс  жаудыруда.  Облыс орталығынан үш жүз шақырымдай қашықтықтағы шалғай аудан халқының өтінішімен  кезінде   Д.Нұрпейісова бекетіне пойыздың аялдауы жайлы газетке бірнеше рет мәселе көтерілген. Өткен жылы Ресейге таяқ тастам жерде жатқан ауыл халқы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуде де осы мәселені шешіп беруді аманаттаған болатын. Әкімі  пойызды бекетке тоқтатып, халықты орталыққа жеткізуге мүмкіндік жасайтынына сөз берген еді. Міне, халыққа берілген уәде орындалып,  шекаралық ауыл тұрғындары облыс орталығына пойызбен баруға мүмкіндік алды. Енді Шортанбай, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және Қиғаш, Көктоғай елді мекендерінің 8 мыңға жуық тұрғыны үшін Атырау-Астрахань пойызының құрамына 1 вагон тіркелуімен бұл мәселе шешімін тапты. «Астрахан-Атырау» бағытындағы пойыз   Дина Нұрпейісова бекетіне тоқтап, он бір минут аялдайды. Бұл жерден теміржол кассасы ашылып,  аудан халқы талай жылдан бері өзекті болып келген мәселенің оң шешімін тапқанына риза.

Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА, АТЫРАУ

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды