Машинистке біліктілік сын

Жаңалықтар
24.01.2017, 13:23
Оқуға 2 мин
Қызылорда локомотив пайдалану депосының жоғары білікті машинисі  Берік өткен жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бірінші санатты тепловоз машинисі әріптестері арасында беделді, үлкенге ізетті, кішіге қамқор жан. Еңбек жолын осы депода  слесарлықтан бастағандықтан болар, көз алдарында кешегі енді үйреніп жүрген жас жігіттен  кәсіби маманға айналған жігіт ағасын бәрі сыйлайды. 2004 жылдан  бірініші класты тепловоз машинисі біліктілігіне ие. Тәжірибелі жан  машинист-нұсқаушы, оқу жөніндегі нұсқаушы қызметтерін нәтижелі атқара жүріп өзі секілді 16 машинисті дайындап шығарған.    -Қазіргі таңда депомызға жаңа техникалар мен технологиялар келіп жатқандықтан күнделікті ізденіп білім жетілдіру заман талабына айналды ғой. Біздер де соған лайық болуға ұмтылыс жасаймыз. Машинист ең бірінші техника тілін терең меңгеруге тиіс. Машинист бір ғана өзі жүргізіп кележатқан тепловозды ғана емес, жолдың жайын, рельстің күйін, белгілер мен вагонның халінен хабардар болуы қажет. Кейде жаңылысып жабық сигналға жүруге нұсқау берілуі мүмкін ғой, бұл сирек болса да болып қалу мүмкін жағдай, мұндай жағдайда тепловоз машинисі ширақ әрекет жасауға міндетті. Өзгелердің қателігі орасан шығынға итермелеуі мүмкін, сондықтан машинист әр әрекетіне сенімді болып, борт компютерінде көрсету сигналдарын қадағалап, берілген нұсқаулықтарды басшылыққа алса,  жол да, жолаушы да, жүк те аман болады, жылжымалы құрамдардың қауіпсіздігі де сақталады,-дейді жолаушылар пойызының білікті машинисі Берік Болтайұлы. Біліктілік демекші, кейіпкеріміздің пікірінше,  машинистке біліктілік үлкен  сын. Бірінші, екінші, үшінші санатты... әр санатқа сатылай көтерілу - машинистің білім-білігі мен тәжірибесі артып, жетілгенін көрсетеді. Сондықтан, машинистер жоғары санатқа өту үшін емтихан тапсырып үлкен дайындықтан өтеді. -Машинист қандай да бір болуы мүмкін тосын жайды алғаш байқайтын теміржолшылардың көзі де, құлағы да өзі екенін терең сезіне білуге тиісті. Пойыз байланысы арқылы жағдайды баяндауға мүмкіндігі жоғары барлаушы да өзі. Қысқасы, ол тоқсан тоғыз қасиетті бойына жинаған, сегіз қырлы, бір сырлы болуды мақсат тұтуы керек, - дейді өзіне де, өзгеге де талапшыл машинист.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті