Өнертапқыш инженер туындысы
Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Бауыржан Шыңғысов - өнертапқыш. Оның еңбегі негізінен электромонтерлердің жұмысын жеңілдетіп, оңтайландыру және еңбек қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.
Мысалы, Бауыржан Шыңғысовтың кәдімгі жүк пойыздарының есігінің аузына салынатын пломба тросынан жасаған тазалағыш құралы тиісті құзырлы ұйымдар тарапынан құпталуға ұсынылмай жатып-ақ, іс жүзінде дистанциялықтар қолданысына дендеп еніп кеткен. Қазір дистанциялықтар техниканың қандай да бір бөлшегін немесе мотор, құрылғы тетіктерін тазалау үшін автобөлшек дүкендерін жағаламай-ақ Бауыржан жасаған щеткаларды пайдаланады. Алайда, бүгінгі әңгіме инженердің әріптесі Мақсат Шайжановпен бірігіп жасаған стенд-шкафы жайлы болмақ. «Монтерлік белбеулер мен қадауылдарын механикалық жолмен сынақтан өткізу» туралы рацұсыныс 2012 жылы жасалып, өндіріске енгізілген. Бүгінде электромонтер құралдары сынақтан осы жерде өткізіледі.
Дистанция еңбеккерлерінің техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтап, электромонтерлердің белдігі мен қадауылдарын сынақтан өткізу үшін мекеменің өзінде құралдарды сынақтан өткізетін стенді болмағандықтан өзге мекемелерге тапсырыс беру, өндірістік жұмыс ырғағының баяулауына себеп болатын. Қос инженер ақылдаса отырып, электромонтерлердің белбеулері мен қадауылдарын сынақтан өткізу стендісін қолда бар материалдарды пайдаланып жасап шығады: стенд-шкаф 45*45*4 көлемдегі негізгі қаңқадан, 0,6 мм диаметрлі құрыш трос өткізілген 4 блоктан жинақталып құрастырылады. 0,6 мм құрыш тростың бір ұшына бос ілгешек ілінсе, екінші ұшы барабанды редукторға оралып бекітіледі. Ал, стенд-шкаф құрыштан құйылған каркас ішіне орналастырылған. Құрыш тросқа ілінген ілмешекке электромонтер белбеуі немесе электромонтер қадауылының бір ұшы ілінеді де, тростың екінші басына екінші ұшы бекітіледі. Екі ұшы тросқа бекітілгеннен кейін фиксаторлы редукторды белгілі бағытта бұрау арқылы трос керген белдік немесе қадауылдың салмаққа шыдамдылығы тексеріледі. Керілуге ілінген белбеу немесе қадауылдың керуге шыдамдылығы тросқа бекітілген динамометрмен өлшенеді.
Өндірісте қолданылатын электроқұрал жабдықтарын сынақтан өткізу инструкциясының талабына сай құрыш троспен барабанды редуктор қажетті салмаққа дейін керіп тартқаннан кейін сол күйінде керіліп тұрады. Сынаққа салынған құрал-жабдық нормативті уақыт ішінде ешқандай өзгеріс болмаса (сетінеу, үзілу, жарылу секілді жай көзге көріне бермейтін өзгерістер) сынақ сәтті өтті немесе құрал-жабдық пайдалануға жарамды болып есептеледі. Яғни, құрал немесе жабдық өндірістік қолданысқа дайын деп табылады.
Қызылордалық өнертапқыш инженерлердің бұл механикалық стендісі 2012 жылдан бері өндіріске енгізіліп, бүгінгі таңда электромонтерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбек адамының қорғалуына қызмет етіп келеді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті