Сынақ – біліктілік кепілі

Жаңалықтар
31.01.2017, 12:08
Оқуға 2 мин
Қызылорда локомотив пайдалану депосы тепловоз машинистері локомотив шаруашылығы әкімшілігі мен депо басшылығы белгілеген дәстүрлі сынақ алу шараларынан өтуде. Жылжымалы құрамдарды жүргізетін машинистер бригадаларының жұмысқа дайындығын үнемі назарда ұстайтын депо басшылығы жылдың алғашқы айында 441 тепловоз машинистері мен олардың көмекшілерін сынақтан өткізіп үлгеріпті. Олардың 148-і жолаушы құрамдарын тасымалдайтын тепловоз машинистері екен. Астанадан жеткен ГП/12222-Ш және ГП/13244-Ш факсограммаларына сәйкес жолаушылар мен жүк құрамдарын тасымалдайтын тепловоз машинистері мен машинист көмекшілерін сынақ алу жұмыстарына кіріспес бұрын оларға 29 рет арнайы техникалық даярлық курстары ұйымдастырылып,  онда 665-ЦЗ, 748-АОТ, ЦТ/637-11 бұйрықтары қайта түсіндіріліп және де қосымша техникалық мәліметтер жайлы сабақ өтіліпті. Депо басшысының пайдалану жөніндегі орынбасары Ізбасқан Сүйінов, кадр бөлімі басшысы Шарида Әбдіреева, қауіпсіздік ревизоры Ғани Бейсебаев, кәсіподақ төрағасы Еркін Асанханов және нұсқаушы Мақсуд Сейітовтерден құрылған арнайы комиссияның жіті бақылауымен техникалық кабинетте өткізіліп жатқан сынақ процесінің барысына куә болған біздер сынақ талабының ең басты ұстанымы тепловоз машинистерінің дайындығын арттыру, олардың кез-келген тығырықтан шығар жол таба білуін пысықтау, жалпы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау талаптарын мүлтіксіз орындауға дайындығын тексеру екенін аңғардық. – Еңбек демалысындағылар, білім жетілдіру курсында жүргендер, іс-сапарға шыққан және де белгілі себептермен жұмыс орнында бола алмаған 98 адам сынаққа әлі қатысқан жоқ. Іс-сапардан оралатын  40 адам, еңбекке уақытша жарамсыз 20 адам, оқуға жіберілген 1 машинист көмекшісі секілді жандар  жұмысқа қосылған уақыттан бастап міндетті сынақты тапсырып, жұмыс жасау рұқсатын алатын болады, – дейді Мақсуд Сейітов.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті