Атырау – жастар станциясы

Жаңалықтар
31.01.2017, 12:17
Оқуға 3 мин
Қазіргідей технологияның қарыштап дамыған заманында уақыт ағымына ілесіп, қатардағы жай маманнан ұжым басшысына дейінгі барлық сатылардан өткен кәсібінің білгірі атанған жастар баршылық. Солардың бір шоғырын Атырау станциясында жолықтырдық.  «ҚТЖ - Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы филиалдарының ішіндегі ең ірі станциялардың бірі Атырау – бірінші класты телімдік станция болып саналады. Атырау станциясының бастығы  Амантай Мақашев еңбек жолын 1999 жылы Мақат станциясында ең төменгі сатыдан, вагон жылдамдығын реттеуші болып бастаған. 2000 жылы пойыз құрастырушы, 2005 жылы дөңес кезекшісі, 2007 жылы пойыз диспетчері, 2010 жылы Мақат станциясында станция бастығының І орынбасары болып бес жыл еңбек етіп, қозғалыс саласында үлкен тәжірибе жинақтаған Амантай Жарылғапұлын басшылық 2015 жылдың қаңтар айында Атырау бөлімшесінің оперативтік реттеу бөлімі бастығы қызметіне ауыстырады. Ал 2016 жылдың тамыз айынан бастап станция бастығы қызметіне жоғарылайды.    Станция бастығының орынбасарлары да еңбек жолдарын төменнен бастап, сатылай өскен жас мамандар. Отызға енді ғана шығатын Бағытжан Абдрахманов станция бастығының І орынбасары, ол осы салада 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бас инженері Бекжан Жиенбетов темір жол саласында 2009 жылдан бері абыройлы еңбек етуде. Ал, Логистика бойынша орынбасары Бекәділ Сауыров бұл салада тер төгіп келе жатқанына 9 жыл толыпты.  Жалпы, станциядағы теміржолшылардың 70 пайызын жастар құрайды екен. Атырау станциясына қарасты Теңдік станциясы мен 496 разъезді қоса есептегенде 147 теміржолшы бар.  Атырау станциясының соңғы онжылдықта қол жеткізген жетістіктері қомақты.  2009 жылы өндірістік-қаржылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін ІІІ дәрежелі, 2010 жылы І дәрежелі, 2011 жылы ІІ дәрежелі және 2014 жылы ІІ дәрежелі диплом мен «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанған станцияның бұл абыройы бүгінгі күні де жалғасып келеді. Станция бастығының айтуынша, мекемеде жұмысшылар үшін де барлық жағдай жасалған: киініп-шешінетін орындар, жуынатын бөлмелер, тіпті станцияға қарай келетін барлық жүк және жолаушы пойыздардың бағыты да құрылғы арқылы компьютерге енгізілген. Айына 2 рет, аптаның төртінші және бесінші күндері техникалық сабақтар өтеді. Онда бекітілген жоспарға сай, темір жол еңбеккерлеріне еліміздегі темір жол бойынша орын алған ақаулы-апатты оқиғалардан хабар беріліп, таныстырылып, оны қайталанбас үшін оқытулар болады. Қазіргі таңда станция бойынша вагондардың жөнелтілуі 4 бағытта жұмыс жасайды: Ақсарай түйіспесіне, Мақат бағытында (Орта Азия, Маңғышлақ түбегіне, Қандыағашқа), Ақжайық станциясына, республикаға маңызы бар Атырау мұнай өңдеу зауытына сұрыпталып жеткізіледі. Ал облыс аймағындағы Махамбет станциясына қарай жергілікті вагондар жөнелтіледі. Одан бөлек, Атырау станциясымен жергілікті қатынаста күніне 8 пойыз дайындалып жөнелтілсе, транзиттік бағытта станциядан 5 жолаушылар пойызы өтеді. Станция жеке кәсіпкерлік субъектілерімен де жақсы қарым-қатынаста еңбек ете білуде. Станция бастығы Амантай Мақашевтың сөзінше, күні бүгін мұнда әр тараптан келетін жүктердің тұрақты тұтынушылары болып саналатын «Бертас» ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ, «Қазстройсеривс» ЖШС, «Гурьевский» АҚ, «Атырау көлік» ЖШС секілді және тағы да басқа ірілі-ұсақты компаниялармен өзара тиімді  істер атқарылуда. Жүк тиеп-түсіру операциялары бойынша қолайлы жеңілдіктер қарастырылған және жүктер ішкі және сыртқы экономикалық тұрғыдан сәйкес тасымалдау құқығына ие.

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті