Рефрижераторлық контейнерлерге сұраныс артуда

Жаңалықтар
03.02.2017, 09:31
Қазақстан темір жолы жеміс-жидек тасымалдауға арналған рефрижераторлық контейнерлерді ұсыну арқылы транзиттік көлік әлеуетін дамытуға ұмтылыс жасауда. Бүгінде рефрижераторлық контейнерлерге еліміздің аумағы арқылы тауар тасымалдайтын көршілес елдер тасымалдаушыларының сұранысы байқалып отыр. Таяуда «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» АҚ сынақ ретіндегі рефрижераторлық контейнерімен Қазақстан аумағы арқылы Ресей нарығына өзбекстандық диқандардың жеміс-жидек өнімдерін жеткізді. Өзбекстанның Самарқан қаласынан шыққан жүк Қазақстанның Алматы, Семей аумағы арқылы шекаралық Локоть станциясынан Ресей аумағына жөнелтілді. Тез бұзылатын жеміс-жидектер тиелген арнайы ерекше температура ұстайтын рефрижераторлық контейнер аталған бағдарды бес тәулікте жүріп өтті. Оның Қазақстан аумағындағы тәуліктік жылдамдығы 1000 шақырым болса, Ресей аумағында тәулігіне 300 шақырым ғана болды. Тез бұзылатын өнімдер соңғы нүкте Новосібірдің Клещиха станциясына қалыпты сақталған күйінде жеткізілді. «KTZ Express» АҚ Контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры А. Кәрімов: «Өзбекстанның жеміс-жидектерін Қазақстан аумағы арқылы Ресей бағытына жөнелту жұмыстары 2016 жылғы желтоқсанда басталған болатын. 45 футтық дербес рефрижераторлық контейнерді қолданудағы мақсат- логистикалық бағдардың қанатқақты жоба ретіндегі мүмкіндігін анықтау болатын»,-дейді.  «KTZ Express» АҚ мәліметтеріне сәйкес, аталған қоғамның   -25°С до +25°С диапазондағы климаттық режим сақтай алатын арнайы жеке контейнерлер паркі бар. Олардың саны – 430 дана. Жаңа контейнерлер арқылы ерекше температурада сақталуды қажет ететін жүктерді әлемнің барлық жеріне кез-келген маусымда жеткізу қызметі көрсетіледі.   Ел темір жолындағы бірінші осындай контейнер «RTSB GmbH», «Белинтертранс–Германия» және «Euro-BRICS» компанияларымен бірге  Херне(Германия)- Ланчжоу (ҚХР) бағдары арқылы іске қосылған болатын. Бұл  алғашқы рефрижераторлық контейнерлік пойыз тез бұзылатын азық-түлік тиелген қырық бес футтық рефконтейнерден тұрды. Тасымалға тапсырыс беруші – Франциядағы шараптың  элиталық сұрыптарын өндірушілер болатын. Бұл құрам Херне қаласынан 2016 жылы 27 желтоқсанда шығып, Қазақстанның Орал қаласындағы Илецк станциясына биыл  5 қаңтарда жеткізілген.     Бір айта кетерлігі, аталған бағытта теңізбен жүк жөнелтуге 45 күн кетеді, ал айрықша логистикалық шешімдер арқасында жүктердің жеткізілу уақыты қысқарып ғана қоймай, сонымен бірге тез бұзылатын және құны жоғары жүктерді тасымалдау жүзеге асырылады.       Жаңа логистикалық қызмет температуралық режимді сақтауды талап ететін жүктерді тасымалдау көлемін арттыра түсуге тың серпін береді. Бұл өз кезегінде экономиканың өркендеуіне, Қазақстанның транзиттік  әлеуетін арттыруға, сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы Еуропа-Қытай бағытында транзиттік тасымалдың көлемін көбейтуге септік етпек.

Ұлан ОРАЗ

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды