Бөбештің «мектебі» қалыптасқан
Жүйткіген уақытпен жарысқан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі ең өзекті мәселелердің бірі болса, сол қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырған мамандардың жауапкершілік жүгі де күн тәртібінен ешқашан түспейтіні түсінікті.
Қауіпсіздікке жауапты маманның бірі Бөбеш Марданова отыз жылдан астам уақыт Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханик болып қызмет атқарып келеді. 1982 жылы сол кездегі Гурьев темір жол көлігі техникумын «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп келген жас маман арада сыныптай сырғып отыз жыл өткенін байқамай қалғандай.
Техникумда оқып жүріп алғашында өндірістік тәжірибеден өтуге келген студент қыздың ұқыпты да тиянақты тірлігін ұнатқан дистанция басшылығы оқу орнын тәмамдаған соң, 1982-ші жылдың 7-ші шілдесінен бастап оны 4-ші санатты электрожөндеуші етіп жұмысқа қабылдапты. Міне, содан бергі 34 жылға жуық уақыт ішінде қызметінде бірде-бір ескерту алмастан, абыройлы еңбек етіп келеді.
–Бөбеш Марданова білікті мамандарымыздың бірі. Бізде тіпті «Бөбештің мектебі» деген ұғым қалыптасқан, себебі жаңадан келген жас мамандарды алдымен тәжірибеден өту үшін осы кісінің «мектебінен» өткіземіз, – дейді Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының директоры Мақсот Тарғынов қызметкері туралы жылы лебізін білдіріп.
Аппаратуралардың жұмыс арнасын реттеп отырған маман біз барғанда түрлі құрылғылар мен қондырғыларды жайып тастап, қызу жұмыс үстінде отыр екен.
Айтпақшы, Бөбештің жары Бауыржан Абуғалиев те Ақжайық постында электромеханик екен, осы жерде танысып отбасын құрған олар бүгінде ұлағатты шаңырақ құрып, ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,
Атырау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті