Транзиттік әлеуетті дамытуды талқылады
Азия мен Еуропа арасын трансқұрлықтық дәліз арқылы жалғау мәселесі талқыланған Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамындағы «KTZ Express» компаниясының өкілдері мультимодальдық көлік жолдары еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға тың серпін сыйлайтынына сендірді.
Жаңа байланыс жолдары Қазақстан Республикасы үшін бәсекелестік нарығында теңдессіз мүмкіндіктер әкелмек. «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Қайрат Тапалов көлік және логистика саласындағы жобалар жайлы таныстырылым рәсімін жасау барысында, Астана қаласында іске қосылған алғашқы «А» сыныпты терминалдың көліктік-логистикалық орталықтардың табысты үлгісіне айналғанын жеткізді. Ал ағымдағы жылы мұндай нысан Шымкент қаласында қолданысқа тапсырылып, жақын аралықта Ақтөбеде де бой көтермек. Осы орайда, Қайрат Тапалов, ықтимал инвесторлар тарапына, «KTZ Express» Ақтөбедегі орталық бойынша жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Ал «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бас директорының орынбасары Белмаши Хишам, өз сөзінде, «Қорғас – Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағы жайлы әңгімелеп, ірі өңірлік хабтың Қытай мен Еуразиялық одағы, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдері тауар ағымының қиылысында орналасқанын еске салды.
Бұл ретте, «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңында көрсетілгендей, ҰКП қызметтерінің бірі инвестиция тартқан райда, өткізу нүктелері инфрақұрылымы құрылысы мен пайдаланымын қамтамасыз етуге қатысу болып саналады. «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Дина Мамашева, Мемлекет басшысының 65-қадамын жүзеге асыру аясында, көліктік-логистикалық орталықтар желісін қалыптастыру айрықша маңызды екенін атап өтті. Биылғы Жолдауда да отандық транзиттік-экспорттық әлеует көкжиегін кеңейтуге айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Еске сала кетсек, «KTZ Express» АҚ мен «Атамекен» ҰКП қол қойылған меморандум шеңберінде ішкі терминалдық желілер құрылысына қатысты бірлескен жұмыстар жүргізуде.
Кемел МАРАТ
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті