Қазақ астығы экспорт асты
Қазақстанның астықты өңірі Ақмоланың астығы шетел асты. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Жалтыр станциясынан қаңтар айының соңынан тұңғыш рет 32 контейнерге тиелген 700 тонна отандық астық 5 ақпан күні Қытайдың Ляньюньган портына келіп жетіп, әрі қарай Вьетнамның Хошимин портына жөнелтілді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі.
Астықтың «қанатқақты» жөнелтілімі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы – мультимодальды компания «KTZ Express» акционерлік қоғамымен және Ляньюньган қаласындағы «Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп, жүзеге асырылып отырғаны аян. Қазақстандық астықтың жөнелтіліміне қатысты Ляньюньган портында салтанатты шара өтіп, оған «Ляньюньган» порты МК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дин Жуй мырза қатысып, өз сөзінде қытай тарапының Қазақстан аумағы арқылы көлік дәлізін дамытуға, қазақстандық өнімдерді Қытай аумағы арқылы Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріне шығаруға қолдау көрсететіндігін атап өткен. Осы дәліз арқылы Қазақстанға Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің түрлі өнімдерін жеткізу де жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, Қазақстан Еуразияның сауда айналымында өз орнын алу үшін трансқұрылықтық дәліздерді дамытудың айқын бағыттарын таңдап алған болатын. Соның бірі – Шығыс-Батыс дәлізі. Осы дәлізді дамыту мақсатында 2014 жылы Қытайдың Ляньюньган портында қазақстандық-қытайлық логистикалық терминал ашылған болатын, мұндай ынтымақтастық Қазақстанға Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен қатар Қытайдың шығыстағы нарықтарына логистикалық жағынан шығуға мүмкіншілік бермек. Қазақстандық өнімді Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асыру – Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуды көздейді. Ал Ляньюньган теңіз порты Қытайдағы темір жол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірінен саналады.
Сөз реті келгенде атап өтерлігі, Елбасы биылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі. Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет» екенін атап өтіп, осы бағытта Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктейді. Мемлекет басшысының бұған дейін де көліктік-логистикалық дәліздер мен инфрақұрылымдарды дамыту бағытындағы тапсырмалары ҚТЖ тарапынан жүйелі түрде жүзеге асырылып, табысты нәтижелерін беріп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Оның жарқын бір көрінісі Қытайдың Ляньюньган портынан Вьетнамға жөнелтілген отандық астық керуені дер едік.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті