Жылғада логистика дамиды
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің Жылға станциясы көрші Өзбекстанмен шекаралас аумақта. Бүгінде тек пойыздарды қабылдап-жөнелтетін төртінші класты бекет.
Әзірге бір ғана «Алекс» кәсіпорыны болмаса, өзге жүк тасымалы жоқ. Бірақ болашағы жарқын деседі. Өйткені мұнда атшаптырым аумақты алып жатқан қоймалар салынуда. Демек, болашақта логистика дамитын нүктенің бірі Жылға болмақ.
Айдар Тәшімбетовтың айтуынша, келешекте Өзбекстаннан осы жерге азық-түлік тауары әкелініп, салынып жатқан логистикалық орталықтың қоймасында сақталады. Сосын сұранысқа орай, Ресейге жөнелтілмек. Әзірге аумағы он гектарға жететін орталықтың бір ғана қоймасы салыныпты. Алдағы уақытта тоңазытқышы, басқасы бар, тағы бірнеше қойма салынатын көрінеді. Ал орталықты салушы жеке кәсіпкер қоймаға баратын кірме жолдың да құрылысын аяқтап қойыпты.
– Бес жолымыз бар. Жыл соңында тастанды пойыздар көбейетіні болмаса, пойыз ағыны көп емес. Бірақ, соңғы уақытта тастанды пойыздардың өзі бір тәуліктен артық тұрмайды. Жүкті ертерек иесіне тапсыру үшін олар да ширақ қимылға көшкен. Ал, жолаушылар пойызынан Шымкент – Сарыағаш бағытындағы қала маңына қатынайтын пойыз ғана тоқтайды. Шипалы су шығаратын «Алекс» зауыты айына төрт вагон жүк артады,– дейді станция бастығы.
Төрт станция кезекшісі, бір пойыз құрастырушыны қосқанда барлығы жеті теміржолшы Жылғаның жұмысын жолға қойып отыр. Ал, қозғалысшылардан басқа жолшылар мен байланысшылар, тартымдық қосалқы станциясының энергетиктерін қосқанда 18 маман осында шоғырланған.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті