Маңғыстау мен Астрахань арасында...
Жолсерік Салтанат Кемалова жиырма жылдан бері жол үстінде өтіп келе жатқан өміріне еш өкінген емес. Әу бастағы мамандығы экономист болса да, заман ағымына орай тоқсаныншы жылдардың соңында сол кезде тұрақты жұмысы мен жалақысы бар темір жол саласына бет бұрған.
Бәрі кездейсоқ басталды. Бірде теледидардан жүгіртпе жол арқылы «Жұмысқа жолсеріктер қабылдаймыз» деген хабарламаны оқып аталған мекен-жайға хабарласады. Ондағылар оны бір ай үйренуші есебінде, одан толықтай жұмысқа қабылдайды. Содан бері, 20 жылға жуық уақыт өтіпті, Салтанат Кемалова ешқайда ауыспастан, осы мамандыққа біржолата сіңісіп кетті. Содан бері жолсеріктің Маңғыстаудан Астраханьға қатынаған әр сапарын есептесе, мыңдаған шақырымдарды артта тастайтыны анық. 5 күн жұмыс істеп, 5 күн демалады. Жұмысына үйренгені сонша, вагонда өзін үй иесі де, жолаушыларды қонағындай қабылдайды. Жол бойы жолаушылармен танысып, әңгіме-дүкен құрып, неше түрлі тағдыр талайларға да тап келеді. Алдымен вагонды қабылдап алып, жолаушыларға төсек жабдығын таратады. Су-шайының қайнап тұруына жағдай жасап, тазалық істеріне де үлгереді. «Жұмысқа тұрған алғашқы жылдары қиын жылдар болатын, халық көп, билет жоқ, вагондар тапшы» деп еске алады жолсерік.
─ Бүгінде оның бірі жоқ, пойызда не керектің бәрі бар. Пойызға билетсіз ешкім мінбейді, билетті үйде отырып ақ таңдап ала бер. «Жүгімді алып кетші», деп жанталасатындар да көрінбейді. Өйткені, арнайы жүк вагондары қарастырылған. Ал анау тальго сынды жүрдек пойыздар мен фирмалық пойыздарда тіпті керемет, жолаушылар ұшақтағыдан бір кем емес,- деп тамсанады апай.
Салтанат Кемалова жақын арада зейнетке шықпақшы. Бұйыртса, ендігі өмірін бала-шағасының ортасында немерелер тәрбиесіне жұмсамақ.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті