Оралбаевтар династиясының өкілдері
Семей темір жолының Алматы бөлімшесімен шектесер тұсындағы бесінші класты Жүзағаш станциясы шағын болса да жұмысы қауырт.
Себебі, төрт бағытта жұмыс істейтін іргедегі Ақтоғай станциясында пойыздарды қабылдап алу, жөнелту шаралары жылжымалы құрамдар қозғалысының жиілігіне байланысты аса күрделі. Станцияның бастығы Мұратқазы Оралбаев осы станцияның негізін қалаған атақты династияның өкілі. Әкесі Бүркітбай ақсақал соғыстан оралысымен осы станцияны басқарып, 1983 жылға дейін еңбек етіпті. Жалпы, еңбек өкілі 400 жылдан асатын Оралбаевтар династиясын Ақтоғайдан Аягөзге дейінгі аралықтағы теміржолшылар жақсы біледі. Бір әкеден тараған жеті ұлдың бесеуі станция басқарған. Ал әкесінің қара шаңырағына ие болып қалған Мұратқазы Оралбаев қазіргі күні өзі туып-өскен Жүзағашта қасына ұлы Біржанды алып еңбек етуде. Ал өзге ұл-қыздары Алматы мен Семей жүк тасымалдау бөлімшелерінде қызмет атқаруда.
Бөлімшенің ең шеткі станциясы болғандықтан да Жүзағаштың жүгі ауыр. Қазіргі күні жүк тасымалы бойынша тәулігіне 19 жұп, 15 тақ пойызын Алматы бөлімшесіне өткізеді. Алайда, жұмыстың күрделілігі сол, төрт тараптан жылжымалы құрамдарды қабылдайтын Ақтоғай станциясы кейде желі бойының бос болмауына байланысты пойыздарды қабылдамаса, осы станцияда іркіледі.Қазіргі күні электронды қызмет, тіпті, жерсеріктік бақылау арқылы да пойыз қозғалысын толықтай бақылауда ұстап отыруға болады. Біздің станция бойынша пойыздар көбінесе таңертеңгілік пен кешкі мезгілде қауырт өткізіледі. Мұндайда Семейдегі бөлімшедегі диспетчерлерден, басшылардан бастап барлығымыз аяғымыздан тік тұрамыз, – дейді Мұратқазы Бүркітбайұлы.
Аталмыш теліммен Алматы-1 – Защита станциялары аралығында қатынайтын Тальго пойызы сағатына 120 км жылдамдықпен жүйткитіндіктен соңғы үш жылда жол шаруашылығы сауықтырылып, темірбетонды шпалдар төселіп, бағыттамалы бұрмалар толықтай жаңартылған. Әкелі-балалы Оралбаевтар бабадан балаға беріліп келе жатқан әулет дәстүріне сай пойыздар қозғалысын қалтқысыз назарда ұстауда.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті