Жастар жетекшісі – жаңа станцияның кезекшісі

Жаңалықтар
07.02.2017, 15:25
Оқуға 2 мин
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі жанынан жастар ісі жөніндегі кеңес құрылып, оған төраға болып жиырма екі  жастағы Руслан Жұмағалиев тағайындалды. Жас теміржолшы пайдалануға берілгеніне көп бола қоймаған Шалқар – Бейнеу теміржол тармағының бойындағы Тассай станциясының кезекшісі болып қызмет етеді. Русланның ойынша, жастардың өз үні бар. Ұлттық компания жанында жүзеге асырылып жатқан жастар саясатының басымдықтарын пайдаланып,  көп істерді тындыруға болады.   –Бүгінде теміржол бойында жастар аз емес. Олардың қатарында талантты, жаңашылдыққа жаны құмар жандар да бар. Ұлттық компанияның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген замандастарымыз бар, – дейді кеңес төрағасы. Русланның ата-анасы, отбасы Ақтөбе қаласында тұрады. Дегенмен, жас маман көрші облыспен шектесетін сонау, шалғайдағы Тассай станциясына екі жарым жылдан бері қатынап жұмыс істеп жүр.   –Жаңа станцияда кезекші болып қызмет етемін. Бір апта жұмыс, бір апта демалыс. Облыс орталығына жұмыс бойынша ұсыныстар болды. Бірақ осы жұмысымды қимаймын, бүгінде мұнда жастар баршылық. Мәселен, біз бір үйде алты адам болып тұрамыз. Барлығымыз да еңбек жолымызды бастаған жас станцияға қатты бауыр бастық, – дейді Руслан күлімдеп. Осы уақытқа дейін жас маман өзге замандастарымен Астана қаласында, Бурабайда өткізілетін републикалық жастар форумдарына қатысып келді. Кейбір номинацияларда топ жарды. Кәсіподақ жұмысына да белсене араласады. Тіпті, Ресейде өткен теміржол саласының кәсіптік одақтарынының басқосуларына да жолы түскен. –Қоғамдық жұмыстар көппен таныстырып, жер көресің, ел танисың, адамдармен араласасың. Әріптестеріңнің, ұжымдастарыңның  тілегін  басшылыққа жеткізіп, туындаған мәселелер болса, шешуге атсалысасың, соның өзі ғанибет емес пе?! – дейді Руслан. Ал, жастар ісі жөніндегі кеңеске қатысты жас теміржолшы бүгінде өз жоспарын әзірлеп, бөлімше басшылығының мақұлдауына жолдапты. Кеңес семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық шаралары, спорттық сайыстар, т.б. өткізуді ойластырып отыр.  Жастар ісі жөніндегі кеңеске өзге станциялардан жас қызметкерлер мүшелікке өткен. Бүгінде олармен тығыз байланыс орнатылған.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті