Үнемшілдігімен үлгі болған машинистер
Темір жолдағы нөмірі бірінші мамандық – ол жылжымалы құрамды алға сүйрейтін локомотив тізгіндеген машинистер. «Машинист» мамандарын білім, білігі бойынша төмен, жоғары деп бөле алмайсың. Өйткені, мыңдаған жолаушылар мен миллиондаған тонна жүктерді тасымалдау жауапкершілігі артылған машинистің бәрі – қауіпсіздікке жауапты бірінші тұлға.
Локомотив тізгіндеудегі жауапкершілігі мен кәсібилігінен бөлек, үнемділік мәселесін бірінші орынға қойып, жанар-жағар май мен отын үнемдеуде өзгелерге үлгі болып жүрген машинистер жайлы айтпай кету мүмкін емес. Жуырда Орал локомотив пайдалану депосында өз жұмысында кәсібилікпен қатар үнемшілдікті арқау еткен бірнеше машинисті марапаттау рәсімі өтті.
Жалпы, бұл депоның машинистері дизельді отынды үнемдеуде жыл сайын жақсы жетістіктерге жетіп келеді, биыл мысалы, 23351 тонна отын үнемдеген. Оған өз үлесін ең аз дегенде 13 машинист қосқан екен, олардың әрқайсысы 100 тоннадан бастап бірнеше мың тоннаға дейінгі көлемде отынды үнемдеуге атсалысқан. Соның ішінде ең жоғары жетістікке қол жеткізген жолаушылар қозғалысы бойынша 1 класты машинист Дмитрий Порошин 4 728 тонна отын үнемдесе, жүк қозғалысынан машинист Руслан Құрманов 3146 тонна және Виктор Деревянченко 397 тонна, жас машинист Қанат Мырзахметов 2533 тонна отынды ысырапшылдықтан сақтаған.
–Дизельді отынды үнемдей білу көптеген факторларға тәуелді, соның ішінде локомотивтің техникалық жағдайына, құрамды құруды дұрыс ұйымдастыруға, ауа-райына және локомотив бригадаларының пойызды қалай жүргізуіне байланысты болады. Әрине, барлық уақытта үнемдей беру мүмкін емес. Кейде артығымен жағып жіберуің де мүмкін. Сондықтан, бұл жерде үнем мәселесі машинаның жүрісіне де байланысты болмақ,– дейді машинист Қанат Мырзахметов.
Ал Руслан Құрмановтың айтуынша, жолдың пішінін жақсы білетін машинист пойыз инерциясын тиімді пайдалана білу арқылы үнемге қол жеткізе алады. Орал темір жол телімінде жолдың пішіні сынық, еңістері көп. Ұзаққа созылатын дөңді телімдердің бірі, шекаралық «Семиглавый Мар» станциясы аумағында жатыр. Ауыр салмақты пойыздармен ол жерде жүру қиын. МК сериялы тепловоздарда осы модель үшін сәйкес келмейтін салмақпен, 3800 тонна жүкпен жүріп, сол жерде еңістен көтерілу тек 25-30 км/сағ жылдамдықпен ғана мүмкін болады. Осындай жылдамдықтардың кесірінен отын да, уақыт да көп кетеді. Алайда, бұл жерде тепловоз жылдамдығының төмендеуіне машинисті кіналай алмаймыз, таулы жерден көтерілу темір тұлпарға қиын. Ал жүк аз, қарсы беттен баяу жел соғып тұрса және басқа тепловоздармен үнемдеу мәселесі мүлде басқаша шешіледі екен.
Орал локомотив пайдалану депосының директоры Мерей Бисембаевтың айтуынша, темір тұлпарды тізгіндеу біліктілігі бар барлық машинистің қолынан келеді, ал осындай үнемдеуге қол жеткізу арқылы олар өздерінің нағыз кәсіби маман екендіктерін дәлелдей түседі. Көбінесе, үнемдеу ісіне үлес қосқандар еңбегі үнемі еленбей қалып жатады. Сондықтан депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы Ербол Меңлібаевтың бастамасымен жалпы жиналыста үнемдеуден ұтқан машинистерді марапаттау мәселесі Орал депосында соңғы жылдары дәстүрге айналып келе жатқаны құптарлық іс. Бұл жолы да үнемшілдігімен үлгі болған бір топ машинистер марапатталып, сый-сыяпатқа ие болды.
Юлия НИКИТИНА,
Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген Ю. Никитина
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті