Манкентте жүк көбейген
Екінші класты Манкент станциясында қысы-жазы жұмыс қарбалас, мұнда қашан да тиелетін жүктен түсірілген жүк ауқымды.
Себебі, жанар-жағар май құю бекеттері станцияның төңірегінде болғандықтан, бензин, газ, дизель отыны құраммен келеді. Станциядағы аға жүк қабылдап-жөнелтуші Нигара Рашидованың айтуынша, өткен жылы 3329 вагонға жүк тиеліп, 9113 вагоннан жүк түсірілген.
Ал биылғы жылдың қаңтарында 481 вагон жүк жөнелтіліп, түсірілгені 665 вагонды құраған. Екінші класты бекет дәрежесіне өткеніне екі жыл болған станцияның жұмыс көрсеткіші кейде жоспардан асыра орындалады. Әрі жолаушылар үшін де тоғыз жолдың торабында орналасқан қолайлы станция.
– Қаңтарда 124 вагон кебек келді. Малдың азығы болатын осы кебек өткен жылы ай сайын 100-150 вагонға тиелді. Себебі, бізге жақын Қарабұлақ ауылының тұрғындарында мал басы көп. Шымкент қаласын етпен қамтып отыратын негізінен осы ауыл болғандықтан, кебекке сұраныс жоғары. Сайрам өңірінде қызанақ пен қиярды банкіге консервілейтін шағын кәсіпорындар қаңтарда 10 вагон өнімін тиеді. Одан өзге 200 вагон бензин, 64 вагон дизель отыны, 35 вагон газ, Солтүстіктен 113 вагонға тиелген бидай, 73 вагоннан көмір түсірілді. Бидай жақын жердегі диірмендерден ұнға айналып, Орталық Азияға жіберіледі. Мәселен, кешегі айда Өзбекстанға 73 вагон ұн, Ресейге 37 вагон мақта, 12 вагон газ, 337 вагон қиыршық тас жөнелтілді,– дейді Нигара Рүстембекқызы.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті