ҚҰРЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТПАҚ
Қарт түбектің Қарақия ауданындағы Құрық портының бірінші бөлігі өткен жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасының қатысуымен онлайн режимде іске қосылғаны белгілі. Десек те, мұндағы құрылыс түгелдей аяқталды деуге әлі ерте.
Ақпанның 10 күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ЖТ Маңғыстау» бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев бастаған барлық темір жол мекемелерінің басшылары мен бас инженерлері Ақтау қаласынан 70 км қашықтықта орналасқан Құрық портына бет алды. Мұнда олар «Құрық порты» ЖШС бас директоры Мырзабек Сақтағанов пен құрылысты жүргізіп жатқан «Концерн Найза Құрылыс» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Гаджи Гаджиевпен бірге «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаровты күтіп алды.
Компания бас инженерімен бірге Құрыққа «Beta services» ЖШС директоры Бекболат Шканов, жоба жетекшісі Али Карабалин, Ұлттық компанияның Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінің директоры Алексей Абдраманов, басқа да жауапты қызмет өкілдері келіп, жағажайдағы құрылыс объектілерімен танысты. Бұдан кейін порт басындағы кеңседе жоба жұмысының орындалу барысы жөнінде кеңес өтті.
Кеңесте Құрықтағы жұмысты жүргізіп жатқан «Концерн Найза Құрылыс» ЖШС-нің, жобалаушылардың аяқталмаған жұмыстары, байланыс жүйесінің нашарлығы, шекара қызметіндегі кейбір мәселелер сөз болды. Осыған орай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров нақты тапсырмалар берді. Бітпеген жұмыстар 17 ақпанға дейін орындалуы тиістігін кесіп айтқан бас инженер мұның есебін де өзі сұрайтындығын жеткізді. Жүк тасымалы бөлімшесіне, белгі беру және байланыс, жол дистанциясы мен локомотив шаруашылығы, электрмен жабдықтау қызметіне т.т. қатысты сұрақтарға жауап берген Бауыржан Пазылбекұлы өзекті мәселелерді жоғары жақта көтеріп, шешіп беретініне сендірді.
Елбасы Н.Назарбаев жуырда жариялаған дәстүрлі жолдауында еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажеттігін, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керектігін айтып, «Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі – автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет», – деген еді. Сондықтан, ҚТЖ басшылығы үшін одан бұрын теңіз портын пайдалануға тапсыру, сол үшін толғақты мәселелерді тездетіп шешу маңызды болып отыр. Бұл кездесу осының айғағы.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті