Тасымалдағы түйткілдер ортақ шешімді қажет етеді
Жаңалықтар
17.02.2017, 11:28
Еліміздің батыс өңірінде жүк тасымалы қалай жүзеге асырылады? Осы салада қордаланып қалған қандай мәселелер бар? Жүк тасымалдаумен айналысатын жекеменшік компаниялардың талабы не? Осы және өзге де сауалдар Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде өткен дөңгелек үстел барысында егжей-тегжей сөз болды.
Шараға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалы жөніндегі атқарушы директоры Сәрсебек Жапаров, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов, «KTZ Express — KTZE operator» АҚ филиалының директоры Күмісбек Матжанов, сонымен бірге станция басшылары мен жүк тасымалдаумен айналысатын жекеменшік ұсақ компания өкілдері, зауыттар мен өндірістік кәсіпорындардың заңгерлері қатысты.
–Осыған дейін үкіметте жүк тасымалына қатысты бірнеше маңызды кездесу болып өтті. Қазақстан ішіндегі кәсіпорындарды вагондармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Бүгінде республикада көптеген алып құрылыстар қолға алынып, қаншама нысандар бой көтеруде. Жолдар төселіп жатыр. Соның бәріне теміржол тасымалы өз үлесін қосу керек. Бүгін сіздермен бетпе бет кездесіп, бұл бағытта қандай түйткілді мәселелер бар, бірлесіп шешеміз деген үміттеміз, – деді «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалы жөніндегі атқарушы директоры Сәрсебек Жапаров жиналғандарға қарата.
Екі сағатқа созылған отырыста өзекті мәселелер аз болған жоқ. Бүгінгі таңда жүк тасымалдайтын вагондар паркінің тозығы жеткеннен бастап, оны жаңарту және клиенттерге салмақ болмас үшін тасымалдау бағамын неғұрлым бір қалыпта ұстап тұруға талпыныс жасау керектігі, ол үшін тасымалдау компаниясы бағаны сақтай отырып, жылдамдықты арттыру қажеттілігі, тағы басқа түйткілді мәселелер көтерілді.
Осы жылдың наурыз айынан бастап қалыпты жұмыс істеу үшін осы бастан қамдану керектігі, мүмкіндігінше, қай тасымалдаушыға қанша вагон керектігі жөнінде неғұрлым нақты сандар керектігі де айтылмай қалмады.
Тасымалдау бағамына қатысты да сөз болды. Клиенттердің айтуларына қарағанда, соңғы уақытта баға үш рет өскен екен. Дегенмен, оларға басу айтқандар да табылды. Өйткені, Қазақстан нарығында тасымал бағамы көршілес Ресеймен салыстырғанда арзанға шығатын көрінеді.
Темір жол көлігімен жүк тасымалдауды кәсіп еткен жекеменшік компаниялар өкілдерінің ҚТЖ өкіліне бұдан да басқа айтары аз болады. «Сіздер алдағы айларға нақты қанша вагон пайдаланатынымыз жайлы мәліметтер сұратасыздар. Ал, шын мәнінде біздер өз клиенттеріміздің жағдайларына да қарауымыз керек қой. Бірінің тендерде жолы болмайды. Екіншісінде жұмыс көлемі жоқ. Олар өздері білмей отырғанда қай уақытта қанша вагонға тапсырыс жасайтыны туралы біз не айта аламыз? Біз де нақты мәлімет бере алмаймыз. Осы тұрғыда біздің ұсыныс-пікірлерімізді ескерсеңіздер», дейді ұсақ тасымалдаушылар.
Тасымалдау компанияларының өкілдерін келісімшарттағы кейбір жайттар да алаңдатады екен. Мәселен, Алматы, Астана қалаларымен батыс облыстардағы уақыт айырмашылығының өзі экономикалық тұрғыда тиімсіз болса керек. Түзету енгізуде осы жайтты да ескеру жөнінде ұсыныс айтылды.
Айта кетейік, бүгінде ел көлемінде вагон паркінде тасымалдауға арналған 18 мыңдай ашық вагон қатынайды екен. Жалпы, парктегі вагон саны 21 мыңға жуықтайды. Ал нақты сұраныс 28 мың вагон төңірегінде. Дефицит шамамен 7 мың бірлікті құрайды. Әрине, бүгінде вагон паркін нығайту керектігі үкіметтік деңгейде сөз болуда. Алайда, ол алдағы күннің еншісінде. Бүгінгі міндет – қолда бар вагон паркін тиімді пайдаланып, ішкі нарықтың сұранысын толық қанағаттандыруға жағдай жасау.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды