Бесжылдықтың бағдары

Жаңалықтар
17.02.2017, 11:40
Оқуға 2 мин
 «Нұр Отан» партиясының  Тараз қалалық филиалы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде бастауыш партия ұйымының  жиыны өтіп, теміржолшылар Мемлекет басшысының  билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Үндеуі мен  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады. Алқалы жиында «ҚТЖ-ЖТ» АҚ филиалы  Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков Елбасының билік тармақтарының өкілеттіліктерін қайта бөлу жөніндегі Үндеуі жаңа қарқынды даму бағытын ұстанған еліміздің мүлдем тың даму жолына түскендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне теміржолшылар да белсене атсалысатындығын жеткізді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Жүнісәліұлы Жолдауда мемлекет басшысы  назар аударған бес  басымдыққа  талдау жасады. «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына бастайтын, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» орындайтын, дамудың жаңа белесін бағындыруды көздейді. Бұл шын мәнінде 30 озық елдің қатарына енуге деген батыл қадам. Жолдаудағы бірінші басымдыққа сәйкес «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудық стратегиялық ауқымды жоспары әзірленетін болады. Өткен жылы партияның ХVІІ съезінде қабылданған партияның сайлауалды бағдарламасында Баршаға арналған инновациялар  – жаңа технологиялық сын-қатерлерге жауап деген бөлімінде дүниежүзінде «жаңа технологиялар пакеті» жинақталатыны және осыған байланысты партиямыздың жоғары технологияларды дамыту міндетін қойып отыр. Бағдарламада жалпыұлттық басымдықтар бірі – «цифрлық қоғамды» кеңінен қалыптастыру көзделген. Партиялас әріптестеріміздің күш-жігерін осы заманғы ІТ-инфрақұрылымды дамытуға жұмсайтынымыз айқын көрсетілген. Бұл орайда, өңірде «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Бұл жерде 16 химиялық кәсіпорынның құрылысы жоспарлануда. Ең алдымен «Еркін экономикалық аймаққа» тіркелген 5 қатысушының 6 жобасын іске асыру бойынша ішкі және сыртқы инфрақұрылымның құрылысы аяқталуда. Мұнымен қоса, бұл жұмыстар «Казфосфат», «Еврохим» және «Таласинвестмент» компанияларында жалғасуда. Жолдауда еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылған. Осы орайда, партияның сайлауалды бағдарламасында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016-2019 жылдары аралығында 395,5 мың жұмыс орны құрылатыны, ол үшін 22,5 млрд АҚШ доллары бөлінгені, бұл қаржының көлік, тұрғын үй және әлеуметті инфрақұрылымдар саласында ауқымды құрылыс жұмысын бастауға мүмкіндік беретіні нақты көрсетіліп отыр», деді баяндамашы.  Жиналғандар алдағы бесжылдыққа бағдар – Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауға жұмылу деді бірауыздан. Елбасы Жолдауда 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе яғни, 2 млн контейнерге және жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе яғни, 1,6 млн транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырады. Жиында, сонымен қатар теміржолшылар қатарынан партияның қалалық филиалының ХІХ кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті